№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » КОНДИЦИОНЕРДІ СІЗ ДЕ ТАЗАЛАЙ АЛАСЫЗ!

КОНДИЦИОНЕРДІ СІЗ ДЕ ТАЗАЛАЙ АЛАСЫЗ!



Аптап ыстықтағы 112 мәліметінше, ауа райы 44 градусты көрсетуде. Шіліңгір шілденің ыстығы адамды күйдіріп жіберердей, күй кештіруде. Мұндайда көлеңкені паналаған тұрғындар кондиционерлер яғни ауа баптағыштардың арқасында салқындап, сергіп алуда. Маусымдық табыс деген осы болар бәлкім. Дәл қазіргі уақытта кондиционер құрастырып, жөндейтін, шаңын тазалайтын адамды табу қиынның қиыны болып тұр. Өйткені, оларға сұраныс жоғары, әрбір сағаты ақша.
Айтқым келгені, ауа баптағыштар дұрыс салқындамай жатса, фильтрін тазалау керек. Құрылғының беткі бөлігінде орналасатын торлы сетка шаң-топыраққа толып қалған жағдайда кондиционердің жұмысы бәсеңдейді. Ал, мұны қыруар қаржы жұмсамай-ақ, өзіңіз де тазартып алуыңызға әбден болады.
  1. Қақпақтың екі жағынан ұстап бірдей баяу өзіңізге тартыңыз, содан кейін жоғарыға көтеріңіз. Содан кейін төменгі сүзгіні алыңыз. Ол үшін сүзгіні жай ғана көтеріп, одан кейін төменге қарай басып өзіңізге тартып алыңыз. Жоғарыдағы сүзгіні де осы әдіспен аласыз. Енді шешіп алған сүзгілерді тазалауға кірісеміз.
  2. Алдымен сүзгіні аласыз да, сеткасын жыртып алмайтындай етіп, ысқылап, сабын суға салып жібітіп қоясыз.
  3. Кейіннен, әбден тазалап жуып, кірін кетіріп, күнге кептіресіз.
  4. Ол дайын болам дегенше ауа алмастырғыштың іші сыртындағы, айналмалы қозғалысының үстіндегі шаң-топырақты айнайдай етіп тазалау қажет.
  5. Сүзгі кепкеннен соң бастапқы алғандай етіп, орнына қадап қоясыз.                                                                                         Ханзада ДОШАН. 
18 шілде 2019 ж. 759 0