Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » INSTAGRAM парақшасын қалай жылдам дамытуға болады - КӘСІПҚОЙЛАРДАН 7 КЕҢЕС)

INSTAGRAM парақшасын қалай жылдам дамытуға болады - КӘСІПҚОЙЛАРДАН 7 КЕҢЕС)

   INSTAGRAM парақшасын дамытуға тырысып жүрген әлеуметтік желі тұтынушыларына жетістікке жеткен кәсіпқойлардан ДӘЛЕЛДЕНГЕН ӨТЕ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР ұсынамыз.

   Сіз парақшаңызға қандай суреттер салсаңыз да, олар көп лайк пен жаңа жазылушылар жинай алмауы мүмкін. Себебі, танымалдылық пен табыстың молдығы Instagram-дағы тұрақты белсенділікке, жазылушылармен өзара қарым-қатынасқа, сондай-ақ жазбалардың дұрыстығына байланысты. Ал біз Сіздерге, жазылушылар аудиториясын жинауға және оны үнемі кеңейтіп отыруға көмектесетін тиімді кеңестерді жаздық.

   1. «Пост» салу үшін оңтайлы уақытты таңдау керек Фотосуреттерді уақытылы жүктемеу – үлкен қателік. Себебі, табысты даму үшін жарияланымдардың тұрақтылығы және дұрыс уақытта салынуы маңызды. Сондықтан, «посттардың» санын және олардың шығу уақытын белгілеп алған дұрыс. Мысалы, көптеген танымал аккаунттар түсте және кешкі уақытта парақшасына бір-екі фотодан жүктеп отырады.

  Егер, суреттерді аптасына бір-екі рет қана жариялайтын болсаңыз, онда ең сәтті күндерді таңдау керек, олар – жексенбі және сәрсенбі күндері. Өйткені, аптаның соңы Instagram-дағы ең аз жазбалар салынатын күндер болып есептеледі, демек сіздің посттарыңызды көп адам қарайды. Ал, сәрсенбі күні статистика бойынша жұмыстан жалыққан көп адам біраз уақытын осы әлеуметтік желіде өткізеді екен.

2. Хештегтерді қолданудың маңызы Хештегтер – Instagram-дағы алға жылжудың басты құралы, бірақ оның маңыздылығын көптеген жазылушылар түсіне бермейді. Анықырақ айтсақ, жазбаларға танымал хештегтерді қоса отырып, Сіз автоматты түрде үлкен аудиторияны өз парақшаңызға тартасыз. Дәл осылай жасауды жалғастыра берсеңіз, Сізге «подписчигі» көп жазылушылар тіркеле бастайды. Сонымен қатар, әрбір хештег фотосуреттегі тақырыпқа сәйкес келуі керек. Ол үшін #(тор)-белгісін қойғаннан кейін қажетті хештег атауын теріп бастайсыз және ең танымал хештегтер автоматты түрде экранға шығып отырады. Арасынан ұнағанын таңдайсыз.


Хештегтердің көптігі бір жағынан жақсы, бірақ оларды дұрыс пайдаланбаудың теріс әсері де бар. Себебі, хештегтердің тым көп болуы жазылушыларға ұнай бермейді. Дұрысы – бір постқа көп дегенде он хештегке дейін ғана. Сондай-ақ, әртүрлі сурет үшін әртүрлі хештегтерді қайталамай пайдалану керек.

3. Жазылу барысындағы дұрыс таңдау Дұрыс жазылу – өз аудиторияңызды кеңейтудің тағы бір тиімді жолы. Яғни, көп адам өздерінің жаңа жазылушыларының профильдерін бір қарап шығады, егер ортақ дос ретіндегі адамдарды көрсе, жазылымға жауап ретінде Сізге де жазылады.

Сонымен қатар, Сіз жазылатын адамның жазылушыларының санына қарау керек. Ол парақшадағы жазылушылар саны сіздің жазылушыларыңызбен шамалас болуы керек, өйткені он мың, жүз мың немесе миллион «подписчигі» бар адамдар жазылушылары өзінен аз аккаунттарға жазылмайды (жауап бермейді).

4. Лүпілдер мен пікірлер қызметі Лүпілдер мен пікірлер де парақшаңыздың дамуына үлкен үлес қосады. Өйткені, лүпіліңізді немесе пікіріңізді қалдырған жазылушыларға Сіз ұнайсыз және олардың қызығушылығын тудырасыз. Содан кейін, ол адамдар Сіздің қызықты парақшаңызға кіріп, міндетті түрде жазылады.

Сондай-ақ, пікірлер лайктарға қарағанда көп пайда әкелуі мүмкін (себебі, кімнің лайк басқаны көп көріне бермейді). Мысалы, көптеген танымал парақшаларға қызықты пікірлер қалдыра отырып, өзіңізге жаңа жазылушыларды тарта аласыз.

5. Аудиториямен кері байланыс орнатудың мәні Өз аудиторияңызбен қарым-қатынас жасау туралы ұмытпау керек. Лайк басқанға лайк басып, пікірге жауап беру – аудиториямен дұрыс байланыс орнатудың және жаңа жазылушылар жинаудың тиімді тәсілі.


Сонымен қатар, хештегтен басқа, жазбаларыңызға қызықты смайликтерді қосыңыз, өзгелердің пікірін сұраңыз және оларды талқылау алаңына тартыңыз.

6. Сапалы «историяның» пайдасы Instagram-дағы ғаламдық іздеу (найти) өте қызықты, сауатты, өзекті тақырыптардағы, адамдарды қызықтыратын немесе эмоция тудыратын «историяларды» басты беттерден көрсетеді және ол аккаунттар танымал бола бастайды.



Әрине, оған жету өте қиын. Дегенмен, сапалы «история» сала отырып, жаңа жазылушыларды өзіңізге тарта аласыз.

7. Қызықты видеолар жариялау Видеолар суреттерге қарағанда әлдеқайда тартымды болады және Instagram-ның жаңа алгоритмдері «Іздеу» бөліміне автоматты түрде қызықты видеоларды іріктейді.

Әрине, оған жету өте қиын. Дегенмен, сапалы «история» сала отырып, жаңа жазылушыларды өзіңізге тарта аласыз. 7. Қызықты видеолар жариялау Видеолар суреттерге қарағанда әлдеқайда тартымды болады және Instagram-ның жаңа алгоритмдері «Іздеу» бөліміне автоматты түрде қызықты видеоларды іріктейді.

Егер Сіз ондай видеолар түсіре алмайтын болсаңыз, танымал роликтерді жариялауға болады. Осылай-осылай парақшаңыздың танымалдылығы арта түседі.

Дайындаған: Б.Ерман,

Ernur.kz​​​
21 сәуір 2019 ж. 907 0