№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Қаратаудың қойнауындағы қазба байлықтарды айтпағанның өзінде қатпар-қатпар тастары да, мөлдір суы да, шүйгін шөбі де тұнған байлық. Расында, тасының өзі ондаған мекеменің ырысына айналды. Бірақ оны тереңдетіп өңдеу жағы кемшін-тұғын. Осыны ескерген белгілі кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Мамуов жылдық қуаттылығы 30 тонна болатын зауытты іске қосты.


Аудан орталығында орналасқан зауыттың ашылу салтанатына ардагерлер, кәсіпкерлер, жастар жиналды. Құттықтау сөз сөйлеген аудан­дық мәслихаттың хатшысы Ерғали Ілясов:
– Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің кәсіпкерлік саласына ерекше мән беруінің арқасында жұмыс орындары құрылып, кәсіпкерлікке ерекше жағдай жасалуда. Оны шағын және орта бизнес субъектілері санының артуы және өндіріс орындарының іске қосылуымен байланыстыруға болады. Ал, бүгінгі зауыт өніміне құрылыс саласында сұраныс жоғары. Сондықтан тек іскерлік қабілетімен ғана емес, азаматтық қырымен де танылып жүрген Талғат Мамуовтың кәсібіне береке тілеймін, – деді.
Одан әрі, аудан әкімінің орынбасары Ғалым­жан Сопыбеков, ардагерлер атынан Ізатілла Нәрзілдаев сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Ақжарма тілектен соң зауыттың лентасы қиылды.
– Талғат Құралбайұлы үш түрлі тас өнім өндіруде. Әсіресе, мити песок, яғни көлемі 0.5 болатын өнім түріне сұраныс өте жоғары. Себебі өнім жақсы жуылады екен. Бағасы да қолжетімді, сапасы да жақсы. Брусчатка, легокірпіш және өзге де құрылыс материалын өндіруге қажетті өнім өндіретін зауыттың ашылып жатқанына қуаныштымыз, – деді кәсіпкер Жомарт Шауенов.
Жаңа зауыттың жалпы жобалық құны 30 млн. теңгені құрайды. Қиыршық тас өндіретін зауыт заманауи үлгідегі жаңа технологиялармен жабдықталған. Зауыт аудан экономикасын өсуіне, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге, ең бастысы, өндірістік кластерді қалыптастыруға өзіндік үлес қосатыны белгілі.
– Ерте көктемде құрылысын бастаған зауыт пайдалануға берілді. Қазір мекемеде алты жұмысшы бар. Негізгі қызмет – қиыршық тастан үш түрлі өнім өндіру. Яғни, 0.5, 5.10 және 5.20 көлемдегі құрылысқа қажетті қиыршық тастарды сұрыптаймыз. Мити песоктың 1 тоннасы 1700 теңге тұрады. Келешекте бетоннан жасалатын өнімдер өндіретін зауытты салу жоспары бар. Себебі Түркістан қаласы үлкен құрылыс алаңына айналып, темір-бетон өнімдеріне сұраныс артты.
Иә, қазір Түркістанда құрылыс қарқынды жүруде. Сертификатталған темір-бетон өнімдеріне, оның ішінде, іргетас, таспалы іргетастың тақталары, маңдайшалар, кәріз жүйесі мен су құбырларына арналған өнімдерге сұраныс жоғары. Осы сұранысты өтеуге біздің кәсіпкерлердің талпынып, талапты іске кірісуі маңызды. Біз Талғат Мамуовтың қарекетінен осыны танып, ісіне береке тіледік.
06 шілде 2019 ж. 811 0