№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала сұраған ата-ана

Бала сұраған ата-ана



Мұса пайғамбарға бірде бір балаға зар болған ерлі-зайыптылар келіп, Құдайдан бала сұратады. Тәңірі тағала: – Бала беремін. Бірақ сәбиге бір айлық қана ғұмыр жазам, – деді. Олар: – Жарайды, Мұса, Аллаға айт. Бізге ғұмыры аз болса да, бала қызығын берсін. Қубас атанғаннан осы жақсы, – деді.
Ұзамай екеуі ұлды болды. «Қартайғанда көрген қызығы ғой» деп, айналадағы көрші-қолаң, ағайын-туыс, дос-жаран – бәрі жиналып, «құтты болсын» айтып, тілектерін білдірді. Олар ішкі мұңын сездірмей, қой сойып тойлады. Келген қонақтар: «Бауы берік болсын! Өмір жасы ұзақ болсын! Көп жасасын! Елдің мақтанышы болсын! Ауру-сырқау, бәле-жаладан Алла өзі сақтасын!» деп тілек айтты. «Бір айдан соң шетінейді» деген бөбек жастан асып, сүйкімді сәбиге айналды. Ата-анасы бұл хикметті түсінбей таңғалды. Олар бір күні Мұсадан осының сырын сұрағанда, ол да таңғалып: – Иә, Алла, сен екі сөйлемейтін едің ғой, бұл қалай? – деді. Ұлық Алла: – Иә, мен оның жанын бір айдан соң алуға тиіс едім. Бірақ жиналған халық оған шын жүректен ұзақ ғұмыр тіледі. Менің бір атым халық емес пе? Өзімнің бір сипатым болып тұрған халықтың игі тілегін қалайша қабыл алмаймын? Бұл менің ұлықтығыма жараспайды. Көп дұғасы қабыл болды, – деді.
Содан бастап көптің батасын, тілегін алу дәстүрге еніпті.
17 маусым 2019 ж. 1 001 0