ХАРАКЕТ ҚОРҒАНСЫЗҒА ПАНА БОЛДЫ
“Мың теңгеге баспана” деген ұстаныммен құралған “Харекет” қоры он тоғызыншы отбасыға үй сыйлады.
19-үй СҚО Қызылжар қаласының тұрғыны, 3 қыз (біреуі – сəл науқас) бен 1 ұлдың əкесі Манап Қатранұлына нəсіп болды! Бірнеше жыл бойы ана орнына ана, əке орнына əке болып, төрт құлынын мəпелеп отырған азаматқа Алла жар болсын! Баспана алуға атсалысқан барша ағайынның берекесі артып, бағы жансын!
Есіңізде болсын: “Аллаға көркем қарыз беретін кім бар? Ол (Алла) оған еселеп арттырып береді…”. Біздің мақсатымыз – халықтың демеуімен мұқтаж жандарға (жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі кісілерге, көп балалы, жалғызбасты аналарға, т.с.с.) үй немесе жер телімін алып беру, үй салуына көмектесу және осы ісімізді үздіксіз (тоқтаусыз) садақаға айналдыру”, – деп жазылған қордың желідегі парақшасында.
Баспаналы болған барлық отбасы қуанышын жасырмай, қайырымды жандарға алғысын білдірді. Желі қолданушылары да игі істі құптай отырып, құдайдан еселеніп қайтсын деп тіледі.