№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҰҒАЛІМДІ балағаттап, ар-намысына тиген оқушы 252 мың 500 теңге айыппұл төлейтін болады.

МҰҒАЛІМДІ балағаттап, ар-намысына тиген оқушы 252 мың 500 теңге айыппұл төлейтін болады.


     Қазақстанда оқушы мұғалімнің ар-намысына нұқсан келтірсе, ата-анасы 252 мың 500 теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске осындай өзгеріс енгізілмек.
   
Заң жобасы айдың аяғына дейін "Ашық үкіметтік емес ұйымдар" сайтында қоғамдық талқыға ұсынылған болатын.
    Жаңа заң жобасы бойынша мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласатындар немесе кедергі келтіретіндер 7 275 теңге айыппұл төлесе, оқу-тәрбие жұмыстарына қажетті құрал-жабдық алуды педагогтің мойнына артып қоятындарға да осындай жаза қарастырылған. Ал өз міндетіне қатысы жоқ жұмысқа жегетіндер 25 250 теңге айыппұл арқалайтын болады. Ең үлкен әкімшілік жаза оқушыларға бұйырыпты. Кәмелетке толмаған бала мұғалімнің ар-намысына тисе, 252 мың 500 теңге айыппұл ата-анасына немесе олардың орнын алмастыратын кісілерге салынады делінген. 



16 маусым 2019 ж. 1 220 0