№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медицина мамандары марапатталды

Медицина мамандары марапатталды

Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен медицина қызметкерлері мерекесінде өз ісінің білікті мамандарына құрмет көрсетілді. Шараға аудан әкімі арнайы қатысып, ұлт саулығы жолында қызмет етіп жүрген дәрігерлерді марапат биігіне шығарды.


– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауларында халықтың денсаулығын қорғау мәселесіне айрықша тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануға, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге» үндейтін бұл міндеттер әрдайым өзінің өзектілігін жоймақ емес. Оның үстіне жыл сайын халықтың денсаулығын нығайтуға қатысты бағдарламалар қабылдануда. Мұның бәрі ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы екенін көрсетеді. Медицина қызметкерлеріне осынау жауапкершілік жүгі ауыр жұмыста дәрігерлерге сәттілік тілеймін! – деді аудан басшысы.
Салтанатты жиында Талап дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Алғатай Қаратаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ, аурухананың балалар бөлімінің меңгерушісі Ханзада Байниязова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғаны атап өтілді.
Аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медицина саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен» Ақүйік дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік аймақ дәрігері Нүргүл Оразбайқызын, дәрігер-эксперт Әлібек Арысбекұлын, №4 жалпы тәжірибелік аймақ дәрігері Салтанат Шәменова және акушер-гинеколог Сайран Манауова және Шалқия шипажайының қызметкері Зәуре Әбілқасымованы, Ләйлә Сәулебекованы марапаттады.
Аталған ведомство басшысының «Алғыс хаты» балалар невропотологы Кенжегүл Қалыбаеваға, дәрігер-провизор Сайлау Артықов, алдын ала қарау бөлмесінің дәрігері Рабиға Баязова, құлақ, мұрын, тамақ дәрігері Шынар Тасболатова, дәрігер-хирург Бауыржан Абдусаметов, күндізгі емдеу бөлімінің мейіргері Шолпан Сүлейменова, жандандыру бөлімінің мейіргері Лаура Сарекеева, емхана мейіргері Айзада Әлжанова мен аурухананың техникалық қызметкері Кенжеқұл Нысанбаевқа табысталды.
Аудан әкімі мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Алғыс хатын» Жаннат Сапарова, Гүлжан Ахметова, Асылбек Мадияров, Жаңабек Искаков, Ербол Бакиров, Ардақ Мауленова, Ботагөз Исабекова және Арайлым Ашимова, Ержан Ахметов, Жасұлан Ашимов, Ғалымжан Нысанбаев, Жамал Абдуллаева, Жанар Мадалиева алды.
Ал, аудандық аурухананың бас дәрігері және салалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» Рахия Дауылбаева, Лаура Қалыбаева, Ләйла Мадалиева, Лаззат Құрбаназарова, Құлымбет Дошимов, Анар Тұрғанбаева, Гүлшар Конкаева, Талғат Алибеков, Майра Ажмухамедова, Акерке Ахметоваға табысталды.
Кеште «Шалқия шипажайының» бас дәрігері Ерғабит Ильясов мерекелік құттықтауын жеткізді.
Айта кететіні, жақында Билібай, Машбек және Талап елді мекендерінде медициналық нысан ашылса, енді Өзгент, Қожамберді, Бірлік ауылының тұрғындары осындай қуанышқа кеңелетін болады.

Лаура БИБАСАРОВА.

15 маусым 2019 ж. 1 203 0