№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ізгілік – таза ЖҮРЕКТЕН

Ізгілік – таза ЖҮРЕКТЕН

Денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолында мейірбикелердің еңбегі ұшан-теңіз. Яғни, науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық процедураларға араласып, сауығуына қол ұшын созады.


  Жауапкершілік жүгі ауыр қызметті абы­роймен атқарып жүрген мейірбикелерді қа­лай ардақтасақ та жарасады. Халықаралық мед­бикелер күні сондай ілтипатты көрдік. Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада алдымен «Халыққа қызмет – мінсіз міндет» тақырыбында дайындалған бейнесюжет арқылы медбикелердің бір күндік өмірі көрсетілді.
Алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:
– Медициналық қызмет сапасын арттыруда, халық денсаулығын жақсартуда қалтқысыз қызмет көрсететін медбикелердің еңбегі зор. Сондықтан мейірімділік пен жылылықтың символына айналған медбике ісі қашанда сый-құрметке лайық, – деп ізгі ниетін жеткізіп, мейіргерлерді марапат биігіне шығарды.
Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасымен» ауданаралық аурухананың бас мейіргері Тұрғаш Данеева марапатталды. Облыс әкімі орынбасарының «Алғыс хаты» Гүлжан Құдайбергеноваға табысталды. Ал, аудан әкімі мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының алғысына еңбегі елеулі ақ халаттылар бөленді. Сондай-ақ, облыстық сайыстың жүлдегері Индира Нұрымбетова, Арман Сейілхан мен Жадыра Наурызоваға аурухана әкімшілігі атынан қаржылай сыйақы тапсырылды.


Ерлан РАЙЫМБЕК.







18 мамыр 2019 ж. 1 041 0