№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазы бек бидің 14 жасында айтқан сөзі

Қазы бек бидің 14 жасында айтқан сөзі



Біз - қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден кұт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі, тұзын ақтай білген елміз,
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз!
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз!
Сен қалмақ та, біз – қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір де біз – көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз.
Қазақ-қалмақ баласы,
Табысқалы келгенбіз.
Танымайтын жат елге,
Танысқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан да, біз – арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желімбіз –
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең, жөндеп бітімді айт,
Бермесең, дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт!
14 маусым 2019 ж. 5 106 0