№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕДИАЦИЯ – ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ

МЕДИАЦИЯ – ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ

Дүниежүзінде медиацияның жарты ғасырға жуық тарихы бар. Ал Қазақстанда медиация туралы заң қабылданып, бұл жүйенің технологиясы қалыптаса бастағанына алты-жеті жыл енді толады. Дегенмен, бүгінде бағдары айқындалып, нақты нәтижелер нысанына айналып келе жатқан медиация қызметінің ауданымыздағы тыныс-тіршілігі қандай? Бұл жөнінде кәсіби медиатор, білікті заңгер, Әділет лейтенанты Байтелиева Ғалия Әлімбекқызымен сұхбаттасқан едік. Төменде сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Алдымен медиация қызметі жөнінде жан-жақты түсіндіріп өтсеңіз?
– Медиация – дауласушы екі тарап арасындағы келіспеушілікті қарап, заңды түрде бір келісімге келуге кәсіби тұрғыда жол-жоба көрсетіп, мүмкіндігінше екі жаққа тиімді мәмілеге келуге қол жеткізуді көздейді. Медиаторлар жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да қатынастарына, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін жүргізе алады.
Батыс елдерінде дау-дамайдың 97 пайызы сотқа дейін, яғни медиациялық жолмен шешілетін көрінеді.
Медиацияның бір артықшылығы, ол тараптардың көп уақытын алмауға бағытталған. Тіпті екі жақ 2-3 сағат ішінде бір келісімге келетін жағдайлар да болады. Ал соттасқан жағдайда бірнеше ай уақытын сарп еткен болар еді.
Дауласушы тараптардың шешімін бекітіп, рәсімдеп берген соң бұл шешімді ешкім бұза алмайды. Медиаторға жүгінуші тарап алдымен өтініш толтырады. Одан соң шақыртқан мерзімінде келіп, бізбен шартқа отырады. Ол шартта іс-әрекеттің сипаты, мерзімі, оған төленетін еңбекақы көлемі көрсетіледі.
– Өз ауданымыздағы   медиация қызметіне қандай баға беруге болады?
– Жаңадан қазығын қаққан құрылым жүйесімен халық әлі толық хабардар емес болуы мүмкін. Бірақ бұл жүйе толық іске көшті. Ауданда 5 кәсіби медиатор жұмыс жасаймыз. Жеке өзіме бүгінге дейін 39 материал келіп түсті. Оның 11-і азаматтық істер, 2-уі неке бұзу, 1-уі қылмыстық іс бойынша, ал 14-і түрлі әлеуметтік – тұрмыстық қызмет саласын қамтиды. Аталған істерді қарау барысында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бағытында заңсыздықтар реттеліп, кейбір мекемелерде орын алған жалақы, еңбек қатынастары бойынша дау-дамайларды шешуге қол жетті. Сондай-ақ, неке бұзу, ажырасу жағдайларында көбіне ерлі-зайыптыларды татуластыруға барынша әрекет жасаймыз.
Жалпы, біздің міндетіміз- сот жұмысын жеңілдету, ешкімгеміндеттеуге, талап етуге құқымыз жоқ. Жан-жақты түсіндірме жасап, заң талаптары шеңберінде шынайы жұмыс жасауға тырысамыз.
– Жұмыс мерзімі, медиатор еңбегіне ақы төлеу қалай белгіленеді?
– Ол жұмыстың сипатына қарай түрліше тағайындалады. Кей мәселе 2- 3 сағаттың ішінде шешімін табуы мүмкін, кей мәселе 4-5 күнге созылады. Жалпы, медиаторға келіп түскен материал 60 күн ішінде шешімін тауып, нүктесі қойылуы керек.
Кәсіби емес медиаторлар тегін қызмет көрсетеді. Ал кәсіби медиаторлар делдалдық қызметін ақылы негізде де,тегін де жүргізе береді. Олар өз еңбегінің құнын қарапайымдылығына немесе шиеленісті мазмұнына қарай өздері белгілейді.
– Жалпы медиатор болу үшін қандай қасиет керек?
– Бұл орайда кәсібилік аз, ақыл мен сабыр да қажет. Екі  жақ тараптың теңдігі  қағидасын бұзбай, ең бастысы заңдылықтың сақталуына мүдделі болса жұмысы сапалы атқарылуы өз алдына, ел алдында беделді, жүзі жарқын болады депсендіре аламын.
– Сұхбатыңызға рахмет. Еңбектеріңізге тек қана табыс  тілейміз.
Баян ҮСЕЙІНОВА.
05 тамыз 2018 ж. 1 010 0