№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаевқа алғыс білдірілді

Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаевқа алғыс білдірілді



     Елімізде азаматтардың сот билігіне деген сенімі жыл санап артып келеді. Бұған қарапайым мысал Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының атына жазып жатқан алғысхаттары дәлел. Осындай алғыс хаттардың бір парасы-кент тұрғыны А.Баймұратовтың  «Сыр Дидары» қоғамдық-саяси, ақпараттық, танымдық газетінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы санында И.Тұңғышбаевқа алғыс білдірілді.
     Алғыста 2016 жылдан бастап шешілмей келе жатқан азаматтар арасындағы жер дауы бойынша Қазақстан Республикасы АПК-нің 179 бабының 4 бөлігінің негізінде судья –медиатор болып И.Тұңғышбаев жүргізген. Істі қараған судья мәселеге өте байыпты қарап, зерделеп, нәтижесінде дауласушы тараптардың екеуі де қолайлы келісімге келіп, өзара татуласқан.  Осылайша дау өз шешімін тапты деп ауыл тұрғындары яғни дауласушы тараптар судья И.Тұңғышбаевқа деген ризашылығын білдірді.
    Ел азаматтары әрбір хаттарында бастарынан өткен қиын жағдайларды соттың көмегімен қалай еңсеріп шыққандарын және істі қараған судьялар мен сот жүйесіне деген алғыстарын білдіреді. Мұндай хаттар арқылы судьялардың күнделікті күрделі жұмысының өз нәтижесін беріп жатқандығын білуге болады.
     
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 069 0