Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Әлемдегі ең сұлу қазақ әйелі

Әлемдегі ең сұлу қазақ әйелі



Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі.Қазақ халқының болашағы бүгінгі қазақ әйелінің құрсағында шешіледі, бағзыдан келе жатқан айнымас шындық. 

Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел. 
Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел. 
Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал әйел. 
Ұлттың ұйтқысы. Ұрпақтың анасы. 

Солай болған, солай бола беруге тиіс. Болмас қисыны жоқ, неге десеңіз, бұл әйелдің бойында сиқырлы, құтты, өзгеше қасиет бар, оның аты – Сұлулық: жан сұлулығы, тән сұлулығы… 

                                                                                                        (с) Мұхтар Мағауин

08 маусым 2019 ж. 2 474 0