Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 79

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Үлкен серкені 40 рет көтерген қазақ әйелі көпшілікті тәнті етті (видео)

Үлкен серкені 40 рет көтерген қазақ әйелі көпшілікті тәнті етті (видео)

Мүйізі қарағайдай серкені 40 рет көтеріп, отырып-тұрған қазақ әйелі көпшілікті тәнті етті. Алып ананың видеосы Quandyqkz парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұяғы байланған үй жануарын иығына асып алған әйелге көрермендер қолдау білдіріп тұрған.
Видеодан жарысты ұйымдастырушының микрофонмен дауыстай санағанын да көруге болады.
Серкені 40 рет көтерген әйелдің бұл әрекетін көрген желідегілер әрі таңдана, әрі таңғала пікір білдірген.
"Өте керемет", "Нағыз батырлар осындай анадан туады", "Не деген күш", "Алып анадан туады" деген осы ғой".
"Нағыз қазақтың әйелі ғой", "Тіпті ерлердің шамасы келмейді ", "Шаршаса да 40-қа дейін жеткізді ғой", "Жарайсыз", "Ғұмырыңыз ұзақ болсын".
"Тайыншадай теке ғой", "Бұл да бір Алланың берген күші ғой", "Мықты әйел екен" деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, видеоның қай өңірден түсірілгені белгісіз.

ДЕРЕККӨЗ: nur.kz сайтынан.

26 наурыз 2019 ж. 862 0