Журналист Заңғар Кәрімхан ұлы Абайдан ұрпақ қалмауы мүмкін екенін айтты. Бұл тек Құнанбай әулетін ғана емес, исі қазақты тегіс ойландыратын мәселе, дейді ол, деп жазады Stan.kz.Журналистің сөзінше, бүгінде Абай Құнанбайұлынан қалған жалғыз еркек кіндікті Данияр Ақылбаев екен. «Ақыннан қалған жалғыз еркек кіндікті Данияр Ақылбаевтың әйелі орыс екен, одан үш қыз бала көріп отыр. Дәкеңнің жасы қазір қырықтың жетеуінде. Ендігі ғұмырда ұл сүйе ме, сүймей ме, оны уақыт көрсетер. Егер ұл перзент көрмесе, онда ұлы ақынның шежіресі осымен тоқтамақ. Қасірет қой!» – деп жазды журналист Facebook желісіндегі парақшасында.Сондай-ақ, Заңғар Кәрімхан бұл тек Құнанбай әулетін ғана емес, исі қазақты тегіс ойландыратын мәселе екенін айтты. Өз кезегінде желі қолданушылары хакім Абайдың артынан ұрпақ қалмайтынына өкініш білдіріп жатты. «Заңғар бауырымыз өте өзекті мәселе көтеріп отыр. Ұлы Абайдың нағыз ұрпағы болса, ақын атамыз секілді төрт әйел алмаса да, енді қазақ қызын алсын да, ұл сүйсін! Ұлы Абайдың ұрпағы тоқтамауы тиіс!» – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.