Бесіктен безу белсіздікке бастауда
Қазақстанға ғасыр басында мода боп кірген «памперсті» бұтынан тастамаған бозбалалар бүгінде жиырмаға келді. Солардың бірқатары бұрын алпыстан асқан ақсақалдар амалсыз қаралатын урологтардың табалдырығын тоздырып, олардан қайран болмағасын, белсіздікке қарсы қолданатын дәрі–дәрмек іздеп, Интернетті ақтарып, құпиялықты да сақтайтын әрі сапалы емдейтін шетел дәрігерлеріне жүгінуде.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, ердің белсіздігі, қыздың бедеулігі салдарынан әрбір үйленген он отбасының жетеуі ажырасып тынуда.
Қазір борбайқапты аптасына бірнеше блогымен алып жатқан ата-аналар памперстің саудасын одан сайын қыздырып, болашағымызға балта шауып жатыр.
Осылайша бесіктен безіп, жөргектен жерігендер еуропалық болып жатырмыз деседі. Қазір сол Батыс жұртындағы белсіздікке соқтырып, соңы үлкен қатрлерге әкелген Procter@Gamble» компаниясының памперс өнімінен еуропалықтар бас тартып, оны ел ішінде пайдаланбау жөнінде түрлі акциялар өткізіп, далаға лақтыруда.
Маман дәрігерлердің айтуынша, памперстің зиянды тұсы – сәби кіші дәретке барған соң,бастапқыда табиғи мүшесінің температурасы көтеріліп, памперске сіңген зәр қайтадан суып, аталық бездің дамуын тежейді. Тартып байлап тастағандықтан ауа өткізбей, жыныс мүшесі әлсірейді. Шыжың болады.
Бұрын ата– бабаларымыз алып жүруге де қолайлы, барынша жеңіл бесіктерімен де көшіп қонды. Бесікте жатқан баланың ұйқысы да тыныш. Бұты да таза. Тамағы да тоқ. Оның сыртында қай ауылдың тұсынан өтсеңіз де,қай аулаға кірсеңіз де, отқа салсаң жанбайтын, суға салсаң батпайтын борбайқаптардың борсыған иісінен басыңыз ауырып, жүрегіңіз айниды.
Бесіктен безудің басқа елдің экономикасына қыруар қаржы құйып қана қоймай, ұлтымыздың болашағына кешегі қуғын-сүргін мен алапат аштықтың әкелгеніндей зор кесепат туғызып, ұл-қызымызды белсіздікке соқтырып,тұқымымызды тұздай құртып жатқандығын зерттеп, зерделеп жатқан, сараптама жасап, тұшымды ой қозғайтын мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйымдар, медициналық орындардың болмағаны ма?!
Мұны да әлде, Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жазып, «Нұр Отан» партиясы бір адамдай қолдаған жағдайда ғана орнымыздан қозғаламыз ба?
Ескендір Ертай