№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БОРБАЙҚАПТЫҢ ЗИЯНЫ БӨЛЕК...

БОРБАЙҚАПТЫҢ ЗИЯНЫ БӨЛЕК...


Белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп «Бордай тозған борбай» атты мақаласында: «...Бүгінде бар қазақтың баласының бұтында – бір-бір памперс» деп дабыл қағып, «Зәрі мен нәжісін памперс өзіне тартып, сіңіріп алады деген күннің өзінде, ата-анаға аса қолайлы деген күнде де, сәбидің бұтын бұлтитып, екі аяғын талтайтып, күндіз-түні борбайын сорып, болашақ ұрпақты бордай тоздыруға өз еркімізбен мойынсынып отырғанымыз­ды бір сәт ойландық па? Баланың бұты – елдің құты. Баланың борбайы – бүгіннің ойбайы…» деп әлеуметтік маңызды мәселені алдымызға жайып салды. 

Ең бастысы, «елдің алдына түскен Еуропа жұрты осы күні ұрпақ шашу мәселесіне келгенде тығырыққа тірелді. Өмір сүру жағдайы да, тұрмыстық ахуалы да қанша артық де­генмен, Еуропаның көптеген елінде бел­сіздік мәселесі негізгі бас ауруға айналып келе жатыр» деген қаламгер памперс – белсіздікті қоздыратын құрал екенін нақты айтты.
Расында, балғындар борбайына байланған борбайқапты бүлдіре салуға бой үйретті. Бұтына жібере салудың салдарынан бойынан жауапкершілік сезімін сезіне алмай есейді. Сосын...
Баланың бұты – елдің құты деп памперстің адам денсаулығынан бөлек қоршаған ортаға да кері әсері көп екен. Тіптен, бұл – аса күрделі мәселеге айналып келеді.
Мәселенің мәнін тарқата айтсақ. Памперс брендке айналған ХХ ғасырдың 60 жылдары бізге келмегенімен, ХХІ ғасырдың басында дендеп енді. Содан бері бірнеше буынның бұтын құрғатып үлгерді. Осы жылдары ауыл халқы да памперстің игілігін көрді. Осы арада суға батпайтын, отқа жанбайтын борбайқапты далаға тастауға әуестенді.
Қазір ауылдың шетіне немесе тоғайға барсаңыз жыңғыл, шенгелдің түбінде шашылып жатқан памперстер. Олардың қасына жақындау әсте мүмкін емес. Алыстан шыққан зәрдін иісі адам басын айналдырады. Егер сай-салаға нәжістен былғанған памперсті тастай берсек, баланың бұтыны қана емес, экологиялық ахуалға кері әсер етеді. Жалпы, зәрмен ылғалданған памресте толуол, ксилол, этилбензол, стирол және изопропилбензол сынды қоршаған ортаға қауіпті химиялық заттар түзіледі екен.
 Аудандық орталық аурухана бас дәрігері, қоғамдық кеңестің төрағасы Сәулебек Ысқақов: «Памперстің бойына жиналған зәрден улы заттар бөлінеді. Осылайша памперстен қоршаған ортаға зиян келуде. Оларды жинап, арнайы өртейтін орында өртеу қажет. Себебі, памперс тек жоғары температурада өртедені», дегенді алға тартты.  
Иә, бір реттік жаялықтың зияны тым көп. Себебі, оны дайындағанда целлюлоза, трибутилен, полипропилен, натрий полиакрилаты, кремний оксиді секілді химиялық заттар және полиэтилен, резеңке және хош иістендіргіштер де қосылады. Мұндай химиялық қоспалар жыныс гормондарының бұзылуына, уытты шок синдромын туғызу қаупі бар. Бұл мақала басында айтқандай, белсіздік пен бедеулікке алып баратын төте жол.   
Химиялық қоспалардың арқасында памперстің беріктігі артып, қоқысқа тасталған жағдайда толық шіріп кетуіне 200 жыл қажет екен. Ендеше, памперсті жоюды ертерек қолға алмасақ борбайқаптан түзілген таулар пайда болатыны ақиқат. 
Бір сөзбен айтқана, борбайқап баланың зәрін ғана сорып жатқан жоқ, бойдағы нәрін сорып, қоршаған ортаны ластауда. Оған сергектіпен қарамасақ...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 737 0