№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ: БӘСЕКЕДЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?

ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ: БӘСЕКЕДЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?



ХVІ Еуразиялық медиа форумы бәсекеде қабілетті болу жолын зерлеуде ой тастады. Сонымен не түйдік?
БІРІНШІДЕН, заманауи журналист мультимедиалық болуы тиіс. Ол фотоға кәсіби түсіре білуге, бейне жасауға және өндеуге қабілетті, сондай-ақ, материалды сауатты жазуға машықтануы тиіс. Яғни, әмбебап (универсальный) журналисттік қабілет-қарымын шыңдауы керек-ақ.
ЕКІНШІДЕН, қазір кез келген адам әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратып, өзіндік контентін қалыптастыруда. Осы ретте, журналистке танымал блогерге айналып, өзінің шығармашылығын "тауар" ретінде аудиториясына өткізу қажеттілігі туындады. Бұл – заман талабы. Егер блогерлікті игермесеңіз, бейнетпен жазған мақалаңыз оқырманын таппауы да мүмкін. Форумда әлеуметтік стратег Муис Мигель Лопес мексикалық блогерлерде 20-25 миллионнан аса подписчигі, тіпті, 50 миллионға дейінгі аудиторияға әсер ететін айтты. Әлемдік тенденция кері шегінбейтіні түсінікті. Мексикалық маман Муис Мигель Лопестің сөзінше, Мексика АҚШ-тың ақпараттандыру технологиясынан 5-6 жыл арта келеді екен. Ал, біз солтүстік америкалық елдермен иық тіресу үшін 20-30 (одан да көп болуы мүмкін) жылды еңсеруіміз тиіс екенін ескерсек, блогерлікті үйренуден басқа шара жоқ екенін түсінесіз.
ҮШІНШІДЕН, шығармашылық ортаға (журналистикаға) сын-қатер жасанды интеллектіден де келе бастады. Бүгінде Еуропа мен АҚШ-ты айтпағанның өзінде Қытай, Ресей, Украина және т.б. елдер жасанды ақыл-ойдың игілігін көре бастады. Қазір мәтін жазатын роботтар таңсық емес. Телеарналық жаңалықтарды жүргізетін роботтарды да көріп, естіп жүрміз. Олай болса бізге де келетін уақыты алыс емес. Әлемнің ондаған тілінде жұмыс жасай алатын робот-журналистермен бәсекеде қабілетті болуда тілдерді меңгеру маңызды. Бәрінен бұрын, заманауи тредтерді дер кезінде меңгеріп отырған абзал. Болмаса базар жағалауға тура келеді.
P.S.: Блогосфера дәстүрлі медианы ығыстырады деген пікірді жиі-жиі естіп жүрміз. Жалпы, форумда дәстүрлі медиа жайлы ішінара сөз болмаса, кеңірек айтылған жоқ. Есесіне телеарналар жайлы ашық пікірлер-талас өрбіді. Дискут барасында спикерлер телеарналардың "жаназасын" шығарып, болашағы бұлыңғыр салаға жатқызды. Оны жастар аудиториясы пульт ұстауға қызықпайтынымен дәлелдеп бақты. Күніне бірнеше сағат ақпарат тарататын телеарналарға осындай баға берілгенде апталық газеттер жайлы не айтуға болады? 
Одандық медиа сарапшылар да баспа БАҚ-тың болашағы бар, бірақ, ақпарат тарату функциясы мен түрлері өзгереді дегенді айтады...
Айтайын дегенім, дәстүрлі медианың аспанына қара бұлт төңдіру емес, уақыт тудырған талап-міндеттерге сай қалыптасып, ақпараттық майданда елшілдік қасиетімізді көрсете білсек болғаны. Сонда ғана бәсекеге қабілетті болатынымыз белгілі.
28 мамыр 2019 ж. 776 0