№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІТ-МАМАННЫҢ ТАБЫСЫ ТАУДАЙ

ІТ-МАМАННЫҢ ТАБЫСЫ ТАУДАЙ


Жақында таныс кәсіпкер SMM-ші маман керек деп сұрау салды. Бірлесіп іздестірдік. Таппадық. Содан неге біздің жастар ІТ-мамандыққа қызықпайды деген ой келді. Шынында қоғамда заңгер мен экономист мамандығын тәмамдасаң жұмыссыз қалмайсың деген түсінік қалыптасқан. Жасыратыны жоқ, жүректің қалауымен емес, жұрттың айтқанымен икемі жоқ мамандықты таңдап, жұмыссыздар санын арттырып жүрген жастар бар.
Бір ғана, 2003-2013 жылы Қазақстанда 250 мыңнан экономист маман дайындалыпты. Мұндай ұзын арқан, кең тұсау заман артта қалады. Өйткені, Елбасы кешегі Жолауында жоғарғы оқу орнының табыстылығын айқындайтын басты критерийді атады. Олар: бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы және жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы керек. Хош. Тақырыпқа ойыссақ. SMM-ші маман дегеніміз кім? Ол қандай қызмет атқарады? Біз осыны тарқатып айтқанды жөн көрдік.
Қазіргі таңда кез-келген адамға ІТ-технология керек сала. Бір қызығы, SMM-ді білу үшін арнайы оқудың қажеті жоқ. Тек дұрыс жасай алсаң болғаны. Сонымен SMM деген не? Бір сөзбен айтқанда, бұл – әлеуметтік желі арқылы танымал болу, компания не сайтты таныту, бренд қалыптастыру. Әрі тұтынушымен тікелей қарым-қатынасқа шығып, өнімнің не қызметтің сату көлемін ұлғайту. Міне, осы саланы игерген маманды smm-ші деп атаймыз. Мықты smm-ші болудың 5 жолын атап өтсек. Бірінші, бүкіл әлеуметтік желіден аккаунт ашып қана қоймай, ол жерде белсенділік танытып, түрлі сауалнама, байқау, шара ұйымдастыру тәжірибесі болу керек. Екінші, мәтінмен жұмыс істей алу қажет. Сауатты жазып, сайт, жеке блог жүргізу, интернеттегі контенттің ерекшелігін игергені ұтымды. Үшінші, сараптамалық қабілет болу тиіс. Яғни, компания не ұйымға пайда келтіру, беделін арттырып, бренд қалыптастыру жолын қарастыру. Төртіншіден, жарнама және маркетингте тиімді хабарламалар таратып, тұтынушылардың психологиясын түсіну және аудиторияны ойната алу қабілеті болғаны абзал. Бесінші, трендтер мен технологиялардан хабардар болу. Қысқасы, медиа ресурстарда креатившіл көшбасшы екенін дәлелдеуі тиіс. Міне, сонда ғана нағыз ІТ-маманға айналып, табысы да еселей түседі. Ертелі-кеш қолынан телефоны түспейтін жастарға таптырмас кәсіп. Тек, заманауи тетікті игілігіне икемдеп, табыс көзіне айналдыра білсе болғаны.
Әйтсе де, Жаңақорған ауданында 14-29 жас аралығында 22 000 жас бар. Неге, осы салаға бейімделген ІТ-маман не smm-ші жоқ? Жалақысын айтпай-ақ қояйын. Себебі, smm-шілер әрбір жасаған жұмысына қомақты қаржы алады. Мәселен, ең арзан сайт жасау жұмысы 50 мыңнан 300 мың теңге аралығында. «Іздеген жетер мұратқа» демекші, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» арқылы қызылордалық фрилансер, еркін SMM-менеджер, веб-конструктор Жұбатхан Ерланұлымен таныстық. Ә-дегеннен Жұбатхан РR нарығы әзірге бос тұрғанын тілге тиек етті. Әсіресе, қазақша контентте медиа саласына аз көңіл бөлінгендіктен бірнеше тіл білетін ІТ-мамандардың жетіспеушілігі бар екен.
– ІТ сала ел ауқымында үлкен өріс алып келеді. Осыдан 5-6 жыл бұрын супервайзер, девелопер, SMM-менеджер, маркетолог, фрилансер сынды мамандықтар сұранысқа ие болатыны көп айтылатын. Расында қазір аталмыш мамандар тапшы. Жаңадан бастаған кәсіп үшін тұтынушыларға өзін таныту, халықты ақпараттандыру үшін әлеуметтік желі мен ғаламтор – таптырмайтын құрал. Желі де жарнама мен клиенттерді тарту, сұрақтарға жауап алу оңай. SMM-маманы болу үшін дизайн және маркетинг, ІТ және ақпараттық технология саласындағы базалық қабілеттер мен тіл білімі керек, – деді еркін SMM-менеджері Жұбатхан Нұрғалиев. Сондай-ақ ол Жаңақорған кентінде бірқатар бизнес-жобалардың медиа-ресурстарда танымал болуына жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Яғни, бренд қалыптастыру бағытында бірнеше жобаны қатар алып жүргенін жасырмады. Бізге де керегі Жұбатхан секілді креатившіл жастардың көп болғаны маңызды. Өйткені, ІТ-технологиялық қажеттілік қарапайым кәсіпкерлердің республика деңгейінде танылуына даңғыл жол ашады.
13 қазан 2018 ж. 1 998 0