№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жұмысы туралы

«Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жұмысы туралы


Бұл туралы Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева ақпарат берді.

«Елордада қолға алынған «Адалдық алаңы» жобасының аймақтардағы балама нұсқасы бүгінгікүні кеңінен таралуда.Жобаның қызмет аясы күн санап кеңейіп келеді. Жобаның басты мақсаты - елімізде тұрмыстық жемқорлықты жою.Басты жетістік - халықты адалдыққа, әділдікке және азаматтық позициясын айқындауға мол септігін тигізуде», - деді ол.
Жоба - «Адалдық дүкендері» деп аталатын жұмысты қолға алды. Атап өту қажет бұл тәжірибе шетелдерде бұрыннан қолданылады.
Алматыдағы супермаркеттердің бірінде "адалдық" кассасы жұмысын қарқынды жалғастыруда.
Одан бөлек, метроға өтуге арналған турникеттер де - адалдық принципі бойынша жұмыс істеуде. Жолаушыларға жол ақысын төлеуге кедергісіз жүйе жасақталды. Яғни олар жолақысын банктік карта арқылы төлеп, метроға өте алады. Соңғы мониторингтің қорытындысы бойынша, метромен тегін жүретін жолаушылар саны азайған. Бұл жүйе - азаматтардың бойына игі қасиеттерді тәрбиелеуге негіз болуда.
Атырау қаласындағы жергілікті Полиция департаментінде «Адалдық айнасы» деп аталатын жоба қолға алынды.
Әр күні қызметкер жұмысқа кірісерде бұл айнадан жақын туыстары мен бауырларының суреттерін көре алады.
Бұл - әрбір қызметкердің заңға қайшы әрекет жасаудан бұрын ойлануына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда open space форматында қызмет ететін әкімдіктер тек елордада ғана емес.
Алматы облысындағы ауылдық әкімдіктерде «safe zone area» құрылуда.
Мұнда ауыл тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ wi-fi желісіне, қалааралық қоңырау шалу, компьютер және принтермен жұмыс істеуге мүмкіндік ала алады.
Ауылдық әкімдіктерде әрбір үшінші жұма сайын азаматтарды қоғамдық қабылдау, сондай-ақ электронды үкімет порталын қолданудың жолдары үйретіледі.
Бұл күндері жергілікті орган басшылары ауыл тұрғындарымен бірге ортақ бюджетті оңтайлы жүзеге асыру бағытында жиындар ұйымдастырады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары және қалалық басқарма басшыларының жұмыс кабинеттері ғимараттың бірінші қабатында орналасқан.
«Адалдық алаңы» жобасы ұсынған мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен қолжетімділігі сынды идеялар жан-жақты қолдау тапты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиында «Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыруда әкімдерге тікелей тапсырма берді.
Бұл - тың идеяларды жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді.
Бір аймақта сәтті жүзеге асқан бастама - басқа да өңірлерге тарап, бүкіл республика бойынша оң нәтижеге қол жеткізуде.
Мәселен, 2018 жылы елордада бастау алып жүзеге асқан көптеген бастамалар бүгінде бақа да аймақтарда кеңінен таралуда.
Медицина саласындағы түйткілді мәселелер бүгінде оң шешімін табуда.
Қарағанды облысының медициналық мекемелерінде «сенім киоскілері» құрылды.
Анықтама үшін: Call-орталық арқылы мамандармен тікелей байланысқа шығатын терминалдар жұмыс істеуде. Сондай-ақ бейнеөтініштер жазу мүмкіндігі де қарастырылған.
Емделуші дәрігерге бейнеөтініш қалдыру үшін жеке басын куәландыратын құжатты арнайы құрылғыға жақындатып, оның штрих-коды оқылады. Содан кейін емделуші қажетті өтінішін жолдай алады.
Емделуші терминалды қолданған кезде Call-орталық мамандарында қызыл тетік жанады. Бұл - өтінішті дәл сол уақытта қабылдауға мүмкіндік береді. Егер өтініш демалыс күндері жазылған болса, терминал өтінішті жазып алады. Ал мамандар оны жұмыс күні басталған уақытта көре алады. Call-орталық таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, мектептердегі жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне демеушілік көрсеткендердің ашықтығын қамтамасыз ететін смарт-банкинг қосымшасы жасақталды.
Ақмола облысында оқушыларды сыныпқа бөлуде цифрлық жүйе қолданылады. Бұл - баланы сыныпқа орналастыруы кезінде адами факторлардың араласуына кедергі болады.
Жоба кеңселеріне кез-келген азамат жүгіне алады. Бізбен Facebook, Instagram әлеуметтік желілері және whatsapp нөмірі арқылы байланысуға болады.
Өтініштер аптаның әр күні тәулік бойына қабылданады.
Біз ашықтық принципі негізінде қызмет еткеннен кейін кеңсеге кез-келген адам жеке мәселелері бойынша көмекке жүгіне алады.
Ол үшін арнайы өтініштер жазып, кеңсеге тіркеудің қажеті жоқ.
Егер мемлекеттік органдар заң бойынша 15-30 күн ішінде мәселеңізді қарастыратын болса, жоба кеңсесі аз уақыт ішінде шешімін табуға тырысады.
Мысалы, Павлодар облысында жергілікті кәсіпкер Павлодар қалалық әкімдігі мемлекеттік мекемесінің қызметінде бюрократияға тап болып, жоба кеңсесіне жүгінді.
Кәсіпкер қаладағы парктердің бірінде тез тамақтану орнын ашқысы келген.
Алайда, парк әкімшілігі кәсіпкерлік бөлімі мен қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен рұқсат қағазын әкелуді талап кеткен.
Араға аз уақыт салып, жауапты мамандар мәселеге араласты.
Павлодар қалалық мәдениет бөлімі басшының орынбасары қазіргі уақытта парктің кімнің меншігінде екенін анықтап, шын мәнінде аталған орынды ашу үшін ешқандай рұқсат құжаттарының қажет еместігін анықтады.
Қазір тез тамақтану орнын ашу үшін қажетті құжаттар рәсімделуде.
Елордада құрылыс мәселелері бойынша Білім-инновация лицейі мен №86 мектеп қиындыққа тап болды.
Құрылысты аяқтау уақыты созылып, салдарынан ғимараттың сапасына қатысты мәселелер анықталды.
Еліміз бойынша әр мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған.
Елордадағы «Адал ұрпақ» және «Жас ұлан» республикалық мектебінің мүшелері әлеуметтік желілерде мектеп бітіру кешінің форматын өзгерту мақсатында жаңа челлендж таратуда. Оны Алматы, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе, Түркістан, Тараз, Алматы облыстары қолдады.
Мұндағы мақсат - мектеп бітіру кешінде ысырапшылдыққа жол бермеу.
Біздің ойымызша - жастардың бұл бастамасына қолдау көрсетіп оны дамытуға мүмкіндік беру қажет.
Біз елордада қоғам өкілдерімен бірге әр түрлі бағытта жұмыстар атқарудамыз.
Мәселен, қоғамның белсенді өкілдері Гүлбану Абенова, Гүлнар Умарова, Татьяна Коршуновамен бірге бірқатар мәселелер бірнеше рет көтерілді.
Олардың бастамасымен мектептердегі тамақтандыру қызметін ұсыну бойынша конкурстық процедураларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде атқарылған жұмыстар өз шешімін тапты.
«Астана – адалдық алаңы» жобасымен қоғамдық көлік мәселелері бойынша да жұмыстар атқарылуда.
Жоба мүшелерінің басым бөлігі қоғамның белсенді мүшелерінен тұрады. Сондықтан елорданың қоғамдық мәселелері олардың назарынан тыс қалмайды.
Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Қоғамның дамуына үлесімді қосамын дегенжігерлі жігіт Амир Сүлейменов те біздің жобаның белсенді мүшесі.
Біз бүгінге дейін AstanaLRT мен Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы өкілдерімен бірге екі мәрте жиын өткіздік. Әр сәрсенбі сайын кездескен мәселелерді толығымен шешу үшін AstanaLRT мекемесінде мүдделі мемлекеттік органдар және қоғам мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Сондай-ақ елорда тұрғындарының назарына "қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын" таныстырғым келеді. Онда әрбір қала тұрғыны өзінің ұсыныстары мен өтініштерін ыңғайлы түрде жолдай алады. Бүгінгі күні азаматтардан 145 өтініш келіп түсті. Оның 15-і шағымдар.
Картада барлық әлеуметтік нысандармен қатар жол құрылысының жөндеу жұмыстарына дейін көрсетілген. Бюджеттен бөлінген қаражат, құрылыстың аяқталу мерзімі мен қандай да бір мәселелер туындаса, бәрінен ақпарат алуға мүмкіндік бар.
Барлық өтініш-сауалдар «Астана адалдық алаңы» жоба кеңсесінің менеджерлерінің жіті қарауында. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша нақыт әрі тиімді шаралар жедел және уақытылы қабылданады.
Агенттік Төрағасының тапсырмасы бойынша орталық атқарушы органдар елордадағы «Астана - адалдық алаңы» жобасының тәжірибесін қолдануда.
Және осы жұмысты бірінші болып қолға алған - ҚР Қаржы министрлігі.
ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жұмабаевтың басшылығымен министрліктің ұжымы жоба кеңсесімен бірлесіп кеңсе ашу бойынша жұмыстар басталып кетті.
«Астана – адалдық алаңы» жобасының қолдауымен Министрліктің жоба кеңсесі үш негізгі бағыттар бойынша жұмыс жасайтын болады: министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің имиджін және қызмет сапасын арттыру, нормативтік құқықтық актілер мен бизнес процестердің ішкі аудиті, ұжымдағы әдеп қағидаларын арттыру.
Кеңсенің ашылуы және жұмыстың басталуы келесі аптаға жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету әрқайсысымызға жүктелген міндет.
«Адалдық алаңы» жобасы - азаматтық және мемлекеттік сектордың өзара ықпалдасуына мүмкіндік беретін алаң.
Біз - азаматтардың бастамалары мен мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін тоғыстыратын алтын көпірміз.
Адалдық алаңы белсенді азаматтарды қашан да өз қатарына қосуға асығады.
24 мамыр 2019 ж. 845 0