Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада «Адалдық музейі» жұмысын бастады

Қызылордада «Адалдық музейі» жұмысын бастады



Мамыр айынан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалына кіру кассирсіз жүргізілетін болды.

Қызылордалық музей саласының қызметкерлері былтырғы жылдан бастап қолданысқа енгізілген «Адалдық дүкендерінің» жалғасы іспетті «Адалдық музейін» тәжірибеге енгізді.
«Адалдық музейінің» мақсаты халық арасындаадалдық пен шыншылдық қасиетін қалыптастыру. Ендігі кезекте музейге кіріп, жәдігерлерді тамашалап, өлкенің тарихымен танысу үшін келушілер билеттің құнын төлеп, билетті өздері алады. Оларды бақылайтын бейнекамера да, кассир де жоқ. Билеттің бар-жоғын тіпті музей қызметкерлері де тексермейді. Бұл жерде адамның тәрбиесі мен ұяты өзіне төреші болады.
«Облыс бойынша 200-ге жуық «Адалдық дүкені» ашылған. Олардың басым көпшілігі мектептерде. Сонымен қатар, бірқатар ЖОО, колледждер мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасауда. «Адалдық дүкендерінің» және «Адалдық музейінің» басты мақсаты – адамдар арасында адалдық, шыншылдық қасиеттерін, өзара сенімді қалыптастыру, кісі ақысын жемеуге тәрбиелеу болып табылады», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалының ғимараты 1905 жылы салынған архитектуралық тарихи мұра. 1917 жылдан бастап әскери казарма болған ғимарат қалпына келтіріліп, 2004 жылы музей болып ашылған. Музей Қызылорда қаласының тарихын қамтитын материалдар қойылған 4 залдан тұрады.
Музейдің 2000-ғажуық экспонатын күніне 100-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары тамашалайды.
08 мамыр 2019 ж. 1 080 0