№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мешіт күмбезінің маманы

Мешіт күмбезінің маманы

Рамазан айы нағыз игілікті істердің маусымы. Осыны сәтті пайдаланған жаңақорғандық шебер Нұрәлі Аманов бұған дейінгі бастаған ісін жалғастырып, мешіттердің күмбезін жасауға ден қойды.

Ол бұған дейін Төменарықтың Әл-Хақ, Шалқия, Қыраш, Жаңаауыл, Құттықожа ауылдарының мешіттеріне күмбез орнатқан болатын. Енді Кейден ауылынан да тапсырыс түсіпті. Орташа күмбездердің биіктігі 4,5 метр, диаметрі 5 метрден болады. Қазіргі жасап жатқан күмбезінің киіз үй секілді қанаты 32-ге жетеді. Оның әрқайсысын асықпай иіп, кіріктіріп, дәнекерлеу ұзақ уақыт алатыны түсінікті. Дегенмен, дәнекерлеу жұмысымен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан Нұрәліге намазхандардың тапсырыс беруі тегіннен емес. Ол бұған дейін кент тұрғындарының сұрауымен есік-терезе, қақпа секілді темір бұйымдарды қазақтың әсем ою өрнектерімен жасап келеді. Жаңақорғандағы №125 мектепті бітірген соң Шымкент агротехникалық колледжінің дәнекерлеу мамандығын таңдады. Себебі, әкесі Құрбан да елге белгілі автобус жүргізушісі ғана емес, темірден түйін түйетін ұста, автомеханик болса, анасы Ұлтуар да он саусағынан өнері тамған аспаз. Ата-анасынан көрген-білгенін жалғастырған Нұралінің асықпай-саспай жасаған бұйымдары тұрғындардың көңілінен шығуда.
Шебердің қолынан шыққан қақпаның өрнегіне көзіміз түсті. Қазақы нақышпен өрнектелген қақпа ұлттық рухта безендірілген екен. – «Өзім қазақылықты ұнатамын. Салт-дәстүрді құрметтеймін. Сондықтан үнемі қазақтың ою-өрнегін, қара шаңырағын әрлеу жұмысына қосамын. Бізге агро-колледжден жыл сайын шәкірттер келіп, шеберлік сынып өткізеді. Жуырда 10 студент келіп, дәнекерлеуден тәжірибесін арттырып, кәсіпке деген қызығушылығын білдірді. Әрине, біз мұндай алға ұмтылып үнемі ізденетін жастарды қолдаймыз», – дейді.
Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің жастарға қолдау білдіріп, ынталандырып отырғандығын құптайды.

Ескендір Ертай.


23 мамыр 2019 ж. 848 0