№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » МЕШІТ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҰЯСЫ

МЕШІТ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҰЯСЫ


«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» қабылданған жаңа заң діни қызметкерлердің жаңа талаптармен жұмыс істеуіне жол ашумен қатар мешіттердің тек бір орталықтан басқарылуына мүмкіндік берді. Осы жаңа заң аясында діни бірлестік филиалдарының жер құжаттары мен ғимарат құжаттары талаптарға сай, заңды болуы көзделді. Осы негізде аудан әкімі жанындағыДіни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысында аудандағы ғибадат үйлерінде мемлекеттік жер актісі мен ғимаратының құжаттары толық рәсімделуі талқыланды.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен жиында «Жаңа салынған ғибадат үйлері құжаттарын заңдылыққа сай рәсімдеу» туралы әңгіме өрбіді. Осы мәселеге байланысты сөз алған кент әкімі Әбунасыр Бекішов «Қум сахаба» мешітінің жағдайын түсіндірді. 1981-1982 жылдары кент тұрғындарының асарымен тұрғызылған көне ғимарат тұрғындар үшін аса қадірлі құтмекен. Мұнда 1991 жылдан бері халыққа діни сабақтар оқытылып, сауаттандыру ісі жүруде. Осы дәрісханадан сауат ашқан көптеген азаматтар елдің беделді діни қызметкері атанды. Мешіт 2012 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы ретінде облыстық әділет департаментінен қайта тіркеуден өткен.
Тозығы жеткен ғибадат үйі 2017 жылы демеушілер тарапынан жаңа ғимаратқа қол жеткізген. Жаңа мешіттің салтанатты ашылуына қатысқан сол кездегі бас муфтиі Ержан Малғажыұлы Алла үйінің құжатын табыстаған. Сондай-ақ, ауданның бас имамы Сайдулла Омаровтың ұсынысымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсат қағазын алған. Жаңа ғимаратқа мемлекеттік акт алуға құжат тапсырылған.
«Қум сахаба» мешітінің жай-күйімен танысқан кеңес мүшелері тарапынан «кентте алдағы уақытта қанша мешіт салынады?» деген сауал жолданды. Бұл сұраққа кент әкімі Әбунасыр Бекішов:
– Әзірге тұрғындар тарапынан бір ғана өтініш бар. Саяжай мөлтек ауданында салынатын мешіттің құжаттарын рәсімдеу ісі жүруде. Кент тұрғындарының өтінішіне орай, облыстық құрылыс, сәулет басқармасынан рұқсат алынып, мешіттің құрылысы басталды. Мешіт құрылысы біткенше қажетті құжаттар толық аяқталатын болады, – деп жауап қатты.
Кеңес отырысында Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев Аққұм елді-мекеніндегі мешіттің құжаттандырылуына байланысты жауап берді. Әкім сөзіне қарағанда, Аққұмдықтар 2016 жылға дейін Кейдендегі мешітке келіп, парыз өтеген. Ауыл азаматы Мейрамбай Қоспанбаевтың бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан рұқсат алып, мешіт үйі ашылған. Барлық құжаты рәсімделгенімен, БСН анықтамасын алуға жұмыс жасалуда. Сондай-ақ, Төменарықтағы мешітте де құжаттандыруға байланысты бітпеген істер бар екен. Бұл туралы мешіт құжаттары облыстық сараптама орталығынан тексерулерден өтіп, облыстық әділет департаментіне ұсынылған.
Бәтуәлі басқосуда Манап және Көктөбе ауылдық округіндегі жаңадан құрылысы жүріп жатқан мешіттердің қазіргі жай-күйі мен құжаттарын рәсімдеу жұмыстары туралы айтылды. Сонымен, ауданда мешіті жоқ жалғыз ауыл саналатын Манап ауылында мешіттің құрылысы жүруде. Ғимарат 50 адамның құлшылық етуіне арналған. Бүгінге дейін қабырғалары көтеріліп, күмбезін орнатуға жұмыс жасалуда. Құрылыс аяқталса, ақынның мерейтойында елдің игілігіне берілмек. Ал, Көктөбедегі мешіттің құжаттандыру ісі тиісінше жүріп жатқанымен, құрылысы әзірге тоқтап тұр. Бұған қаржының жетіспеушілігі кедергі. Ауыл әкімі Боран Абуов алдағы қазан айында құрылыс қайта жүргізілетінін айтты.
Басқосуда аудандағы мешіттердің жай-күйін тыңдаған аудан әкімі Ғалым Әміреев құжаттары аяқталмай тұрған мешіттердің құжаттандыру ісін жеделдетуді тапсырып, ауданның діни ахуалы тұрақты екенін айтты.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 607 0