ІЗГІЛІКТІ ІСКЕ АСЫҒАЙЫҚ!

Облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі менцинат Жанкелді Ысқақов аққұмдық ағайынға дастархан жайып, садақасын берді. Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Ілясов, аудандық мәслихаттың депутаты Жасұлан Амалбеков, Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев және т.б. атқамінерлер келді. «Хисамиддин Сығанақи» мешітінің найб имамы Ақмұрат Әлімбайұлы қатысып, оразының хикметін жан-жақты түсіндіріп:

Аққұм мен Қауықтағы ағайын тегіс жиналған берекелі басқосуда еңбек ардагері Тілеухан Мүсілимов халықшыл азамат Жанкелді Ойшыұлының шағын елді мекенге сіңірген еңбегін айтып, алғысын білдірді.
Соңғы жылдары Аққұм елді мекенінде мектеп бой көтерді, медициналық бекет пайдалануға берілді. Жол түсті. Осындай жұмыстарда Жанкелді Ысқақов та хал-қадірінше қол созды. Облыстағы сала басшыларымен бірге келіп, туындаған мәселелерді шешудің жолын іздеді. Осылайша көмегін тигізді. Демеді.
– Әрине, соңғы жылдары аққұмдықтар тыңдырымды тірліктерді көрді. Мұнын бәрі аудан әкімінің іскерлік қарым-қабілетінің нәтижесінде жүзеге асты. Сондай-ақ, мәслихат депуттары оң көзқарас танытып, жанашырлық көрсетті. Енді уақытта жолды асфальттауға мән береміз. Аяқсу мәселесі өзекті екенін білеміз, – деді Жанкелді Ойшыұлы.
Рухани жиынның мазмұнды өтуіне атсалысқан Ақмұрат Әлімбайұлы: «Рамазан – жақсылық жасауға асығатын ай. Сондықтан, өзгелерге бір құрма беріп болсын сауапты амал жасауға асығайық! Бұл ретте, Жанкелді ағамыздың бастамасы құптарлық іс», – деп ізгілікті амал жасауға шақырды.
Расында, жиған-тергенін қайырымсыз істерге жұмсап жүрген жандарға ойлану керек-тей.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.

Расында, жиған-тергенін қайырымсыз істерге жұмсап жүрген жандарға ойлану керек-тей.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.