Қазақтар да үйінде қасқыр асырайды (фото)

Қайрат Тұрлыхановтың ауласындағы қасқырдың есімі - Агуша. Қазір төрт жасар түз тағысы оған әбден бауыр басқан.
Агуша иесінің қолдан ет бергеніне әбден үйренген.

Етке тойған Агушаны енді шөл қысып тұр.
Суға мелдектете қанған соң, алысқа көз жүгіртеді.
Бәрібір ұяластарына қосыла алмаған Агушаның көзінде мұң бар сияқты.
Агуша: "Қожайыным-ау, сен болмағанда мен баяғыда өліп қалар едім. Бетті әкелші, азуым батпаса, бір сүйейін!"
Күн қызып кетті. Екі қасқыр бір-бірімізге дем беріп, мызғып алайық дейді.




Ескендір ЕРТАЙ.