№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Білікті маман баршаға үлгі

Білікті маман баршаға үлгі



Адам қатты науқастанғанда әуелі Алласын есіне алса, екінші дәрігерге сенім артады. Ажал деген аяусыз келетін оқиғамен бетпе-бет кездеспес  үшін бар жанын дәрігерге сеніп тапсырады. Адам жанының арашасы болған ақ халатты дәрігерден бөлек, әр науқастың ауруханадағы жағдайына жауапты медбикелер қауымының еңбегі ерен. Бүкіл әлем «Дүниежүзілік медбикелер күні» деп арнайы дата берген кәсіп иелері күн-түн демей, екпе егіп, әрбір адамның үйіне аман оралуы үшін жауапті. Сол себептен де, бұл кісілерді көпшілік құрметтейді, бағалайды.


 Осындай қайнаған тіршілік пен ем-домның қақ ортасында жүрген медбикелер – реанимация яғни жан сақтау бөлімінде көптеп кездеседі. Жан сақтау бөліміне оңай диагнозды ауруды жатпайтыны айдан анық. Өмір мен өлім, тағдырмен күреске созылып жатқан палаталардағы ес-түссіз науқастың қалі өте-өте ауыр болатыны да белгілі. Алайда, осындай қиындық пен қорқыныш, инфекция мен вирус қаптаған мекенде қызмет ету – нағыз ержүректіліктің, ептіліктің, кәсіпке адалдықтың белгісі болса керек. Сондай қарбалас өмірдің ортасында жүрген жанның  бірі анестезистка – Гүлзада Сейдазымова.
  • Өз мамандығымды сүйемін. Қиындығы мен жауапкершілігінің ауырлығына қарамастан, бұл бөлімде еңбек етіп келе жатқаныма 26 жыл толды. Ең алғаш қарапайым медбикелік қызметтен басталған еңбек жолым бүгінде анестезиолог дәрігерден кейін жүретін анестезисткалық деңгейге жетті. Аллаға шүкір, осында жүріп қаншама адамның өмірге, отбасына қайта оралуына себепкер болдық. Бұл үшін алғыстарды да алып жүрміз. Ең басты мақсатым – ұлт саулығы жолында еңбек ету.
Иә, расында да 26 жыл бойы бұл бөлімнен ауыспай келе жатқан кейіпкердің еңбек жолынан қандай білікті маман екенін ұғынуға болатындай.
                                                                                                         Ханзада ТӨРЕХАН.
12 мамыр 2019 ж. 1 099 0