№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕНИНГИТ: инфекцияның алдын алу маңызды

МЕНИНГИТ: инфекцияның алдын алу маңызды


Жап-жас жігіттің өмірін қиып, елді елең еткізген менингококты инфекция Жаңақорғанға қайдан келген? Емханада жатқан екі науқастың жағдайы қалай? Жұқпалы вирустан қалай сақтануға болады? Осы сауалдарға жауап іздеп, сала мамандарының пікірін тыңдадық.
Алдымен аудандық аурухананың бас дәрігері Сәулебек Ысқақовтан жұқпалы аурулар бөлімінде жедел респираторлы вирусты инфекция диагнозымен жатқызылған науқастардың жағдайын білдік. Бас дәрігер:
– Бұл екі науқастың жағдайы тұрақты. Бірінші түскен науқастың анализдерінің қорытындысы жақсы болса, осы аптада үйіне шығарылады. Ал, екіншісінің беті бері қарап, аздап тамақ іше бастады. Сәтін салса, ол да отбасына оралады, – деді бас дәрігер.
Науқастардың жағдайының жақсарғанын біліп, шүкіршілік еттік. Дегенмен аурудың нақты қорытындысы толық зерттеулерден соң анықталмақ. Осы мәселеге байланысты облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева науқастармен қарым-қатынаста болған 187 адам медициналық тексерулерден өткенін, оның қорытындысы алдағы уақытта белгілі болатынын айтты.
– Жаңақорған кенті бойынша 16 медициналық аймақ бойынша 5068 үйге аула және тұрғын-жайдың тазалығы мен инфекциялық сақтық шаралары жүргізілді. Бұл күдікті науқасты ерте кезеңде анықтауға жол ашады», – дейді басқарма басшысы.
Департамент басшысы үй жағдайында тазалықты сақтап, гигиеналық шараларды жасау вирус жұқтырмауға ықпал ететінін айтты. Оның айтуынша, ауданда екі бактериялогиялық мамандар ауру ошағын анықтау мақсатында жұмысын бастаған. Аудандық аурухана қызметкерлері әрбір отбасын аралап, 5000-ға жуық үнпарақ үлестіргені белгілі болды.
Өзекті мәселеге байланысты аудан әкімі Ғалым Әміреев тиісті мамандарды жинап, инфекцияның алдын-алу шараларын пысықтады. Басқосуға кент әкімі Әбунасыр Бекішов, ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жан Шайхысламов, ауыл әкімдері мен сала басшылары қатысып, пікір алмасты.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: «Науқастардың жағдайы жақсарып келеді. Әрине мұның бәріне тұрғындарды сақтандыру шараларының уақытында жүргізілуінен қол жеткізілді. Қауіпті вирус жайында халық құлағдар болғандықтан, алғашқы белгілері пайда болысымен, жедел жәрдемге жүгінгендіктен екі науқас та өмірін сақтап қалуға мүмкіндік артты. Бұл ауруды 3 кезеңге бөлетін болсақ, екі науқас екінші кезеңінде ауруханаға жатқызылған», – деді.
Жаңақорған – тоғыз жолдың торабында құлашын кеңге жайған үлкен кент. Бір ұшы Ұлы Жібек жолымен ұштасып, темірқазығы темір жол табанында жатқандықтан, сансыз жолаушылардың тасымалы вирусты ертіп келмесіне кім кепіл? Осы тұста аудан әкімі Ғалым Әміреев «Жаңақорғанға бұл вирус қайдан келді? Жұқтырмаудың жолы қайсы?» екенін сұрады.
– Бүгінгі таңда нақты қайдан келгені туралы ақпарат жоқ. Вирус таратушы дені сау адам да, немесе науқас та болуы да ықтимал, – деді Жан Сабибуллаұлы.
Бір қызығы, менингококк инфекциясы күн сәулесі небәрі 15 секунд түскен уақытта тез жойылып кетеді екен. Демек, бұл вирус біздің ауданның табиғатына тән емес. Үйге жиі күн сәулесін түсірсеңіз, одан өзге де зиянды бактерияларды жояды екен. Ал, ылғалды, ауасы тар жертөлелерде вирус тез көбейеді. Осындай қауіпті нысандарды болдырмауға халықтың өзі қолдау білдіруі керек. Бұл инфекциямен 65 жастан жоғары адамдар ауырмайды. Ғылыми зерттеу нәтижесінде олардың ағзасына түскен инфекция сіңбейді екен. Жасөспірімдердің арасында таралуын экологиялық әлсіздікпен байланыстырады.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
16 маусым 2018 ж. 1 172 0