№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес

Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес

Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел.
Бүкіл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру - бұл ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы - ниет пен ерік.
Азаматтық қоғам анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Форматында 180-нен астам мемлекеттік мекеме жұмыс істейтін open space енгізілуде. Жақында ғана оны Шымкент қаласының әкімдігі де жасады. Кім біледі, мүмкін, бұл әкімдіктер үшін жаңа челлендждің басы болар.
Біз әзірлеген «Digital Agent» және «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» it-өнімдері Қазақстандағы кез келген адамға мемлекеттік сервисті жақсартуға және ұялы телефон арқылы бюджеттің шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуін бақылауға теңдесі жоқ мүмкіндік береді.
Бизнес-қоғамдастық та айтарлықтай дамып келеді. Бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналғанProtecting Business and Investmentsжоба шеңберінде бізбен 300-ден астам компания жұмыс істейді. Олар парасыз – адал бизнесті жүргізуге өзіне міндеттеме алды.
Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Колледждер мен жоғарғы оқу орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы іске асырылуда.
Мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялау мақсатында Мемлекеттік басқару академиясы ауыл және аудан әкімдерінің көпшілігін жобаларды басқару, тиімді коммуникациялар, этика және адалдыққа үйретті. Сондықтан, біз олардың жұмысының ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын күтеміз.
Адал қоғамды құру шағын істерден басталады. Солардың бірі сатушылары жоқ адалдық дүкендерінің ашылуы болды. Жарты жылдың өзінде «Адалдық дүкені» орындарының 3700-ден астамы ашылды: мемлекеттік органдарда, жоғарғы оқу орындарында, мектептерде, соттарда, тіпті полицияда. Сатып алушыларға кедергісіз қызмет көрсетуді ашып жатқан «Рамстор» және «Магнум» сияқты танымал супермаркеттер желілерінің біздің идеямызды қолдауы қуантады. Әрине сіздер Алматы метросындағы адалдық турникеті туралы да естіген шығарсыздар. Бұл бастама күшейе түсуде.
Оң өзгерістер, сіздер көріп отырғандай, бар. Жеке жобалар мен іс-шаралар ауқымды емес көрінуі мүмкін, алайда бірге олар ортаны және қоғамдық сананы өзгертетін пазлды құрайды.
Біздің барлық бастамаларымыз Мемлекет басшысы әділ атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың міндеті деген ұғымды әрбір қазақстандықтың сана-сезіміне жеткізуге бағытталған.
Достар, біз Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасынAdaldyq alańy
жүзеге асырудамыз. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам оған қосыла алады. Тек сіздердің белсенді қолдауларыңызбен ғана жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады.
05 сәуір 2019 ж. 776 0