Қызылорданың мектептерінде сатушысыз дүкендер ашылды

Осы кезге дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен бірқатар колледждерде ашылған сатушысыз сауда орындары, енді орта мектептерде де өз жұмысын бастады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті оқушыларды ішкі парасаттылық пен ар-намысқа тәрбиелеуге бағытталған «Адалдық дүкендерін» алдағы уақытта өңірдегі барлық мектептерде ашуды көздеуде.