№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім




Қазақ ежелден данышпандық ой мен шешен тілдің шебері бола білген халық. Қайбір сөзін тыңдасаң да, өнегелік өсиеті бар, ұрпаққа үлгі, кейінгіге аманат боларлық мағыналы тұрпатқа ие. Әсіресе, адамда болатын жағымсыз қасиеттер мен елге ортақ табиғат тылсымдарын тәмсілдеп сараптағаны бүгінгі ұрпақ үшін жұтамас байлық сынды. Ендеше, сол мәнді һәм тәрбиелі пәлсафаға тоқталсақ.

Бірде Жәнібек хан халықты жинап:
  • Уа ағайын, үш арсыз, үш ғайып, үш жетім кім? Осыны тапқан адамның менен алатын сыбағасы зор, – деген екен.
Тосыннан қойылған сауалға жауап іздеп, әбден абдыраған халық:
  • Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Ұйқы – адамды жалқаулыққа бастайтын жамманның қасиеті. Тамақ – нәпсінің досы. Орынсыз күлген бос күлкі – арсыздықтың белгісі. Сол үшін де үш арсыз осы деп жауап береді.
Ал, үш ғайып – адамға қашан келетіні белгісіз, беймәлім жағдай. Оған беймезгіл келетін қонақ, Жаратқанның рақымына қарай келетін несібе, хабарсыз келетін ажал ғайып, – деген екен.
Соңғы сауал үш жетімнің кім екенін ешкім де таба алмапты. Сонда хан уәзірлеріне:



  • Бұл сауалға жауап қайтармаған кім қалды, – дейді.
  • Естімеген Қарабас шешен қалды, – деген екен уәзірлер мен қара халық. Әлгі хан сонда шешенді арнайы алдыртып, үш жетімді сұраған. Ол:
  • Жетім үшеу емес бесеу.
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен безген ер жетім,
Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Жоқтаусыз кеткен қыз жетім, – деген екен.
Мінекей, құндылыққа толы, өлшеусіз мағынаға ие сөз байлығы, шексіз ілімді қазақ философиясы!
                                                                                                   Дайындаған Ханзада ДОШАН.
08 мамыр 2019 ж. 19 227 0