№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Арсыздың күлкісі

Арсыздың күлкісі

Күлкінің де түр-түрі бар. Жәй күлкі, жымиып күлу, лекітіп күлу, ха-халап күлу, сыпайы күлу, дарақы күлу, өзін-өзі зорлап күлу, орынды-орынсыз ха-халап жалтара күлу, тағы басқа да түрлері жетерлік. 
Баукеңе  кездескен бір арсыз, даңғой, жағымпаз кісі  Бауыржанның тіке қойған сауалдарына жауап беруге сөз таппай ха-халап күле берсе керек. Осы кездесу туралы Баукең былай дейді:
Түсін? –  деді бұйырып.
– Барлық арсыздар күнәсін жуып-шайып,білдірмеу үшін осылай күледі. Бұл – арсыздардың психологиясы. Қарағым, мен сені бүлдірейін деп отырғаным жоқ. Эта история, это печальный факт. Тағы менің айтқанымның бәрі құранның сөзі емес. Это мое личное мнение. Мүмкін кейбір ойларым, кейбір пікірлерім, әсерлерім – түсініктерім  қате де шығар. Бірақ та сол сол кездесудегі әсерім осындай.P.S. Тегінде Арсыздар көп күледі. Өйткені олар осы күлкісі арқылы өзінің арам пиғылын  жасырып ұстауға тырысады. Мұндай жымысқы жандардан алшақ жүрген дұрыс.
25 маусым 2018 ж. 1 027 0