№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ПАТРИОТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ПАТРИОТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ


Халқымыздың тәрбие процесінде өрендерді елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу маңызды саналды. Бүгінгі жаһандану үрдісі үдеген уақытта жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу аса маңызды міндетке айналды. Яғни, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы маңызды. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ауған соғысы ардагерлері мен патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Әбілакимовпен бірге патриотизм тақырыбында ой өрбіттік.


– Ұлы Дала елін қоныс еткен ата-баба­ларымыз жастардың бойына елшілдік рухты сіңіруде аттың үстінде мығым отыруын, бес қаруды қолдануды үйретті. Отанға деген махабатын осылай қалыптастырды. Зымыраған уақыт қоғамдық дамудың идеясын өзгерді. Біз соған бейімделуіміз қажет, – деп бастағы сөзін рухты азамат.
Расында, сан ғасырлар бойы ата-баба­ларымыз ұрпағының бойына туған жерге сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімін асқақтатудың нәтижесінде жерімізді, тіліміз бен мәдениетімізді сақтап, бүгінге аманат етті.
– Бүгінгі таным-түсінік таразысына сал­ғанда Отанды сүюды қалай баға­лаймыз?
– Әрине, қолға қару ұстап, шекара күзету жігітке басты міндет. Өйткені, бабаның аманатына адал болып, атажұрттың тұтастығы үшін біз жауаптымыз. Мұнан бөлек ел экономикасын көтерудегі, мемлекет алға қойып отырған міндеттерді іскерлікпен адал атқарудағы табанды еңбек, қоғамның барлық қарым-қатынастарындағы даналық пен парасаттылық, адамгершілік пен адалдық қабілет-қасиетін танытуымыз қажет-ақ. Қазір ақпараттық соғыста қаламын қару еткен қаламгерлер де қырағылық таныту маңызды. Олсыз мемлекет көздеген мақсат-мұратына жете алмайтыны ақиқат.
– Жасыратыны жоқ, жастардың басым көпшілігі әскерге баруға құлықсыз. Неге?
– Әскери тәртіпті көзбен көріп, тіршілігін түйген азамат біршама есейеді. Қуыс кеуде болып, қашып жүргеннен не пайда? Одан азамат Отан алдындағы парызын өтегені жөн. Бойында қазақтың қаны ойнаған, жүрегінің түгі бар жігіт бұл жауапкершіліктен жалтармайды.
Отан алдындағы борышты өтеу кезінде жігіттердің бойындағы еліне деген махаббатын күшейту, ата-ананың қадірін түсіндіру, өмірлік тәжірбиелер жинау, қиындыққа төтеп бере білуді үйрететін үлкен мектеп. Әскер берген тәрбиені сізге ешкім бере алмайды.
Ел басына күн туса қару алып атойлайтын арландар керек. Өзгеру мен батыл қадам жасау- кез-келген ер азаматтың міндеті. Олай болса сапқа тұр да, өзіңді өзгерт.
– Әскер тақырыбы таусылмас әңгіме. Ескірмес естеліктер, абыройыңды асы­ратын нағыз жігіттік мектеп емес пе? Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз...
– 1988 жылдың ақпан айында Ауғанстанға өттік. Зеңбіректің атқышы болдым. Командалық сапқа үш жүздей жауынгер түскен болсақ, олардың екеуі қызылордалық едік. Тәжік-ауған шекарасындағы Умол деген жердегі үш қышлақты жаудан қорғауға тапсырма берілді. Бұл кез тоғыз жылғы толастамаған атыстың саябырлаған тұсы. Жүк тиелген көліктер керуенін тексеріп өткіземіз. Басты мақсатымыз – дұшмандарға қару-жарақ өтіп кетпеуін қадағалау. Басымыздан неше түрлі оқиғалар өтті. Бірақ, «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі», деген рас екен-ау. Отанға аман-есен оралып, бейбіт өмірде жастарды отаншылдыққа баулып жүрміз.
– Соғыс ешкімді де аямайтыны анық қой!
– Дұрыс айтасыз! Соғыс ешкімді де аямайды. Қаншама жап-жас жігіттер көз алдымызда қыршынынан қиылды. Жаңақорғандық Мұхтар Нарымбетов деген ағамыз алғашқы лекте барып, ауыр жараланып, Ауғанстанда қаза тапты. Оның атына Жаңақорғанда көше берілді. Жаңақорған ауданынан Ауғанстанға 16 бала шақырылып,13 бала өттік. Тәжікстанда әскери дайындықтан соң, 45 жігіттің ішінен 28-і жарамды болып табылып, тапсырманы орындауға жіберілдік. Оның ішінде өзімнің сыныптасым, досым Мырзагазиев Марат екеуміз бірге отты нүктеге түстік. Арада он төрт жыл өткен соң «ауған синдромы» деген аурудан қаза тапты.
Иә, соғыстың санаға салатын салмағы ауыр. Қаншама жылдар өтсе де санадан сызып тастай алмайсын. Кейіпкеріміз әскерлес достарын есіне алды ма, терең ойланып, үнсіздікке көшті. Бірнеше минуттан кейін:
– Қазір Жаңақорған ауданында 45 Ауған соғысының ардагері бар. Бұрын барлығы 54 болатын. Ауғанстанда интернационалдық боры­шын абыроймен өтеген ардагерлер ҰОС ардагерлерімен теңестірілген. Ауған соғысының мүгедегі Пазылбек Сегізбаев пен Харман Ахмедов дәрігерлердің шешімімен шипажайларға барып тұрады. Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «Ауған соғысы ардагерлері мен патриот жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымының жоспарлы жұмыс кестесіне орай, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептерде оқушылармен кездесулер ұйымдастырып, патриоттық мерекелік іс шараларды жиі атқарылады, – деп ойын түйді.
Жақында әскери комиссариаттың бастамашылығымен Қазақстан Қарулы Күштерінің 27 жылдығына орай Республикалық «Айбын» патриоттық сайысы басталды. Онда аудандағы 32 білім ордасының ішінен №163 мектептің оқушылары топ жарыпты. Қазір Жаңақорған ауданынан Республикалық жарыста Қызылорда облысының намысын қорғау үшін Ерқанат Қаңлыбай, Нұрдәулет Ізбасқанов, Әлішер Ерділла есімді оқушылар Қызылордада әзірлік жұмыстарын бастап кетті.

Ескендір ЕРТАЙ.


07 мамыр 2019 ж. 2 081 0