№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 7 мамырда сүйіктіңізге не сыйлайсыз?

7 мамырда сүйіктіңізге не сыйлайсыз?





Аға, іні, бауыр, сүйікті жар, отағасы, асыл әке, қамқор дос, асқар таудай ата бұл қасиеттердің бәрі ер-азаматқа тән. Отбасының тірегі, нәзікжандылардың сенімді серігі болған ер-жігіттер әлемдегі барша сый-құрметке лайық жандар. Сол үшін жылына бір рет келетін төл мерекесінде оларға сый-сыяпат үлестіру – қуантарлық жағдай. Бұл тұста, сіздерге қажетті ақпараттар тізбегін ұсынамыз.
  1. Әкеңізге өзі ұнатып жүрген киімін алып берсеңіз болады. Не болмаса автокөлігіне қажетті гаджет немесе отбасымен түскен суреттерін мозайка етіп құрастырып берсеңіз, оның қуанышында шек болмайтыны анық.
  2. Ініңізге әлемдік футболдан өзі үлгі тұтатын ойыншылардың суреті бар футболка, доп немесе спортқа қатысты заттар сыйлаңызға болады.
  3. Ағаңызға өзі қызығатын хоббиына қатысты заттар таңдаңыз. Мәселен, белгілі қызмет саласында жұмыс жасаса, галустук, белбеу, телефон құрылғысына элиталық стилдегі тапсырыспен жасалған қап тарту етуіңізге болады.  





  4. Ал, сүйікті жарыңызға арнайылап тәтті тағамдар пісіріп, қолдан сыйлық дайындасаңыз мерекенің мәні кіре түседі. Мәселен, жүрек пішіндес торттың бетіне өз сезіміңізді жазып, романтикалық кеш ұйымдастырсаңыз оның есінен бұл керемет сәт ешқашан ұмытылмайтыны анық.
  5. Егер еркек адаммен дос болған болсаңыз, оның мейрамында көлігіне қажетті кілттаққыш, немесе былғарыдан тігілген әмиан сыйлауға болады. Ер кісілер осындай сыйлықтарды ерекше ықыласпен қабыл алатыны анық.       Айта кететіні,  ер-жігіттердің көпшілігі, көлікке қажетті сәнді дүниелер мен брелоктарды ұнатады. Және қызметте жұмыс жасайтын офис менеджерлері арнайы қорапта тұратын иіссулар мен блокнот сынды заттарды ұнатып жатады.                                                                                                                                                             Дайындаған Ханзада ДОШАН. 
06 мамыр 2019 ж. 1 041 0