№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаға қажет пайдалы тағамдар

Балаға қажет пайдалы тағамдар

Баланы бақытына балаған халықтың ұрпағымыз. Балажан болу қаннан берілген қасиет. Баршамыздың да, бала десе ет жүрегіміз елжіреп, көңіліміз босайтыны анық. Перзентіміздің қандай тағам жеп, қандай ойыншықпен ойнап, қалай киінуіне де ерекше мән беретін болдық. Себебі, бала – бауыр еттен жаралған бөлшегіміз. Олай болса, балдан тәтті балақайларға қажетті пайдалы тағамдар тізбегін ұсынамыз.

1.Сүт, айран, ірімшік, құрт. Бұл тағамдардың құрамында балаға өте қажетті дәрумен кальций бар. Ол баланың еркін өсіп-жетілуіне, сүйек-буындарына, тістерінің дұрыс шығуына ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, төрт түліктен алынған табиғи ағарғанның бала ағзасы үшін берері мол.
2.Балықтың еті. Құрамында йод, фтор, фосфор, магний элементтері бар балық нағыз дәруменнің көзі. Еңбектеген баладан, аяғы ауыр келіншек, еңкейген қарияға дейін витамин сыйлайтын балықтың майы, уылдырығы, еті бала үшін таптырмас тағам. Әсіресе, көздің көруі мен мидың дұрыс жұмыс жасауына ықпал етеді.
3.Бал. Бал – табиғи тәтті. Дүкендегі шоколадқа қарағанда едәуір пайдасы көп. Баланың қанын көбейтуге, суықтағанда емдеуге, зеректігін арттыруда табылмас азық. Тіпті, Құран-Кәрімде «Бал арасы» деген арнайы аят бар. Балаға аш қарынға күнделікті бір қасық балды жаңғаққа араластырып жегізу арқылы қаназдықты жоюға болады.
4.Алма, анар, құрма. Бұл жемістердің бала ағзасына берер витамині мол. Атап айтсақ, алма құрамындағы темір қанның көп болуына ықпал етеді. Анар да сол секілді қанды көбейтіп, тәбетті ашады. Құрманың құрамында бүткіл элемент бар деуге болады. Құрма жеу сүннет амал ғана емес, сондай-ақ, пайдалы жеміс.
5.Төрт түліктің еті. Әсіресе, шекпе еттің құрамында балаға дәрумен болатын элементтер көп. Бірақ, шектен тыс беру асқазанға ауырлық тудырады.

Дайындаған Ханзада ДОШАН.
30 сәуір 2019 ж. 2 148 0