№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ОТАУ КӨЛІК СЕРУЕНІН БАС ТАРТЫП, 100 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ОТАУ КӨЛІК СЕРУЕНІН БАС ТАРТЫП, 100 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ


Бүгін қасиетті жұма күні жаңақорғандық жас отау иелері Ерболсын Жаманқұлов пен Мөлдір Бекболат үйлену тойындағы көлік серуенінен бас тартып, 100 мың теңгеге қайырымдылық акциясын жасады.
Өздеріңізге белгілі, бұған дейінде Жаңақорғанда үйлену тойларында көлік серуенінен бас тартып, оның орнына тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық акциясын жасаған жастарды жариялаған болатынбыз. Енді міне, қасиетті Рамазан айы қарсаңында жұма күні отау тіккен жаңақорғандық Ерболсын Серікұлы мен Мөлдір Сәкенқызы осы игі бастаманы жалғастырды.
Жаңақорған аудандық мешіт ауласында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік өнімін үлестірді. Ізгі істі ұйымдастыруға ұйытқы болған 1994 жылы туылған жастар мен аудандық мешіт ұжымы отбасылардың жиналуын қамтамасыз етті. Өз кезегінде Жаңақорған аудандық мешітінің найб имамы Мейрамбек Баймұратов  имандылық насихатын өрбітіп, берекелі жұпқа ақ батасын берді. 
– Отбасының босағасы берік, шаңырағы биік, мерейі үстем болуы үшін ер мен әйелге өзара сыйластық қажет. Яғни, ер мен әйел айтылғандарға амал етіп, бір-бірінің алдындағы міндеттерін дұрыс атқарса, шаңырақтың түтіні түзу болары айқын. Бабадан келе жатқан құндылық ол ер – үйдің асыраушысы. Отбасын, бала -шағасын адал жолмен бағып, асырау. Жанұясын жалпақ жұртқа жалтақтатпай, жылы шырай танытып, көңіл мен қарындарын тоқ қылу. Ал, әйел–отбасының ұйытқысы. Шаңырақтың шайқалмауында, ұлттың ұлт болуында оның рөлі орасан зор. Сондықтанда осындай қасиетті Рамазан айы қарсаңында жасап жатқан ізгі істеріңіз қабыл болсын!– деді имам Мейрамбек Қайратұлы.

Сәтін салса, нағыз той науқаны басталған уақытта жастардың бұл сауапты бастамасы әлі де болса жалғасын табады деген ойдамыз. 

Әбдісамат ӘБДІШ
03 мамыр 2019 ж. 2 019 0