№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылорда облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында құқықтық қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Қызылорда облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында құқықтық қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Байқоңыр қалалық, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі, Арал аудандық соттарының ғимараттарында құқықтық қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Құқықтық қызмет көрсету бұрыштарының қызметімен сот төрағалары таныстырды.

Ашылу рәсіміне Байқоңыр қалалық, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, адвокаттар, медиаторлар және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, сот мамандары қатысты.
Құқықтық көмек көрсету бұрышы - халыққа құқықтық қызмет көрсету үшін, олардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсету мақсатында ашылып отыр. Бұл өз кезегінде тараптардың арасындағы дауды сотқа дейін шешуді көздейді.
Алдағы уақытта бұрышта халыққа құқықтық қызмет көрсету мақсатында ХҚКО-нің, медиаторлардың, адвокатура органдарының өкілдері күнделікті ақысыз қызмет жасайтын болады. Ал, сот қызметкері азаматтарға сотқа жүгінудің жолдарын, талаптарын түсіндіруге көмектеседі. Бұл сот құжаттарын беру механизмін жеңілдетіп, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеп, бюрократиялық кедергілерді азайтады
Іс-шара соңында қатысушылар соттармен атқарылып жатқан игі жұмыстарға оң бағаларын беріп, жаңадан көрсетілетін қызметтің жүзеге асырылуына сәттілік тіледі.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
20 ақпан 2018 ж. 1 328 0