№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан үкіметі Қытайдан 100 млрд теңгеден астам қарыз алмақ

Қазақстан үкіметі Қытайдан 100 млрд теңгеден астам қарыз алмақ

Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд 60 млн юань, яғни, 100 млрд теңгеден астам қарыз алмақ. Қомақты сома қазақ-өбек шекарасындағы өткізу пунктін жетілдіру үшін жұмсалды деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы сегізінші сәуір күні сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды.
Несие 20 жылға екі пайызбен жеңілдетілген несие ретінде берілмек.
Бұл қаржыға тоғыз автокөлік пен бір пойызды өткізу бекеті ретке келтіріліп, техникалық жабдықтау жоспарлануда.
"Енді әрбір бекетте түрлі бағалар болады. Осы біздің алып жатқан зайым бойынша Қытай компаниясы бес жылдың ішінде сервистік қызметті тегін өтеп беруге келісіп отыр.
Біз мысалы, осы реканструкция арқасында қосымша кедендік салықтар мен төлемдерді жылына 300 миллиардқа дейін көтереміз деп болжаймыз", - дейді мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Қайрат Маубаев.
Айта кетейік, жөндеу және жабдықтау жұмыстары осы жылдың соңында басталып, 2022 жылы аяқталады. Осылайша еліміздің өткізу пунктеріндегі екі-үш күнге созылатын кезектер мәселесі шешімін таппақ.

Автор: Н. Біләл
09 сәуір 2019 ж. 716 0