Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда медбикелердің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда медбикелердің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда медбикелердің жалақысын көтеру үшін 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Енді алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлері қосымша 5 млрд теңге алады.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген кеңесінде ведомство басшысы мәлімдеді, деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кешегі жиналыста Елжан Біртанов қазірде дәрігерлердің орташа айлық табысының айына 142 мың теңгені құрайтынын айтты.
Сонымен қатар, елде осы салада жұмыс істейтін мамандар әлі де тапшы. Әсіресе нестезиолог-реаниматологтар, психиатрлар, терапевтер, акушер-гинекологтар жетіспейді. Және бұл, министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың шала жұмыс істеуінен орын алып отыр. Олар жас мамандарға әлсіз әлеуметтік қолдау көрсетеді. Елжан Біртанов тоқтаған тағы бір мәселе – ауруханалардағы «бейберекеттік».
«Біз, қарап шықтық. Негізінен жоспардан тыс, төтенше жағдайлар кезінде көрсетілетін қызметте бейберекеттік орын алады. Адамды жедел жәрдеммен әкеледі де, ұзақ уақыт бойы күттіріп қояды. Дәлізде қоларбада жатқан науқасқа ешкім қарамайды. Бірқатар өңірлерде әлі күнге дейін түрлі клиникалар әртүрлі күндерде кезекшілік еткенде ауруханаға жатқызу тәртібінде заңсыз бұйрықтар орын алып жатыр. Мұндай заңсыз бұйрықтар болған жағдайда қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бұл деректерді Бас прокуратураға беруге міндетті»,- дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Министр баяндаманы аяқтағаннан кейін, залда отырғандар музыканың ырғағымен билей бастады. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, департаменттер мен ведомство басшылары орындарынан тұрып, музыкамен қарапайым жаттығулар жасай кетті. Кейінірек бұның тек ширау үшін жасалған үзіліс екені анықталды.
16 ақпан 2019 ж. 1 165 0