«ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы шығарылды
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрлерінің көрсеткіштерін елеулі ұлғайтты.

Алынған пайда Ұлттық операторға ішкі нарықтағы газ бағасының өсіп кетпеуін тежеп тұруға және қазақстандық газ тұтынушыларын субсидиялауға (ішкі нарыққа газ сатудан келген шығын 2018 жылы 36млрд. теңгені құрады), сондай-ақ 573млрд. теңге мөлшеріндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2018 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ бюджетке төленетін салықтар мен басқа да төлемдер үшін 99,5 млрд. теңгеден астам сома төледі, осылайша еліміздегі ең ірі салық төлеуші компаниялар қатарынан табылып отыр.
Есепті кезеңде газ өткізу көлемі 22,9млрд. текше метрді құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2 млрд. текше метрге немесе 29%артық. Бұл ретте, 2018 жылы Қытай Халық Республикасына газды экспортқа жеткізу туралы жасалған шарт, мерзімінен бұрын және толық көлемде орындалды.
Магистральдық тасымалдау көлемі 111,9млрд. текше метрді құрайды, ол 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда, 11 млрд. текше метрге немесе 11% артық.
"ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор. «ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 55 23 16
Пікір 3