№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылорда облысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 7,8% -ға өсті

Қызылорда облысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 7,8% -ға өсті


7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – жұртшылық назарын денсаулық саласындағы көкейтесті мәселелерге аудару. ДДСҰ биыл медициналық көмектің негізгі түрлерінің қолжетімділігіне тағы бір рет тоқталуды көздеп отыр. Себебі, ұлт саулығын сақтауға қарапайым тексерулердің өзі жеткілікті.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда негізгі деген аурулардан 19,3 мың адам көз жұмған. Оның 7,5 мыңға жуығы – еңбекке қабілетті жастағылар.
Мамандар пікірінше, бұған өлім-жітімнің басты себепкері делінетін негізгі 5 аурудың ықпалы мол. Мысалы, өткен жылы:
  1. жүрек-қан тамыры ауруларынан – 9,7 мың адам; 
  2. ас қорыту жүйесі ауруларынан – 2,8 мың адам;
  3. түрлі оқыс оқиғалар, улану мен жарақат салдарынан – 2,7 мың адам;
  4. онкологиялық сырқаттардан – 2 мың адам;
  5. тыныс жолдары ауруларынан – 1,9 мың адам көз жұмған.
Қайтыс болған науқастардың басым бөлігінің өліміне дәрігерге өте кеш қаралуы себеп. Яғни, дер кезінде анықталған жағдайда олардың өмірін сақтап қалуға болар еді, дейді мамандар. Сондықтан Медициналық сақтандыру қоры алдағы уақытта аурудың алдын алу мәселесіне басымдық беруді жоспарлап отыр.
Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 2,9 миллионға жуық адам ауруханаға жатып емделеді. Оның 70 пайызға жуығы немесе 1,9 миллионы – дерт меңдеп, ауруханаға шұғыл түрде жеткізілгендер. Былайша айтқанда, Қазақстанда әрбір оныншы адам дәрігерлер алдына өміріне қауіп төнген кезде ғана келеді деген сөз. Мұндай жағдайда науқастың тегін негізгі көмектен бөлек, бағасы қымбат процедуралардың ақысын қалтасынан төлеуге мәжбүр болатыны жасырын емес. Әлбетте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін көрсетілетін, шығыны аз диагностикалық процедуралардың көмегімен мұның алдын алуға болады, дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
Мәселен, 2019 жылы Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 42,1 млрд. теңге бөлінді. Оның 19,9 млрд. емханалық-амбулаторлық көмекке жұмсалып, профилактикалық іс-шараларға басымдық берілмек.
Естеріңізге сала кетсек, аймағымызда биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты орындайтын 74 медицина ұйымының 44 – жеке меншік. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7-ге артып отыр.
Мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ  Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі 
05 сәуір 2019 ж. 540 0