№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медициналық көмектің қай түрі тегін?

Медициналық көмектің қай түрі тегін?

  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қазақстандықтар сақтандырылмаған жағдайда қандай медициналық көмекті тегін ала алатынын айтып берді, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

  «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) бөлінетін бюджет қаражатының жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, зерттеу жұмыстары соңғы 5 жылда халықтың денсаулыққа жұмсайтын шығыны артып келе жатқанын көрсетіп отыр. 2017 жылы ТМККК бағытында 626 млрд теңге бөлінген болатын. Халықтың денсаулығына өз қалтасынан жұмсаған шығыны денсаулық сақтау саласының жалпы шығынының 41 пайызын құрап отыр. Бұған ең алдымен ТМККК-ның жеткілікті дәрежеде қаржыландырылмауы себеп болды», - дейді вице-министр Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жиында.

  Оның айтуынша, алғашқы медико-санитарлық көмек ТМККК аясында көрсетіледі. Оған барлық азаматтар үшін негізгі медициналық қызметтер, мақсатты скрининг, жүкті әйелдерді бақылау, балаларға қамқорлық жасау, созылмалы және әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдарды жіті бақылау жұмыстары енеді.

  «Бұл өзгеріс - бұрынғы заңнамадағы негізгі айырмашылықтардың бірі. Бұрынғы заңнамада ТМККК сақтандыру пакетінде қарастырылып келген болатын. Осылайша, ТМККК сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағанына қарамастан барлық адамға тегін беріледі», - деді Ләззат Ақтаева.

  Вице-министрдің айтуына қарағанда, ТМККК шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмек бірқатар қызметтерді қамтиды. Атап айтқанда, оған динамикалық бақылауға немесе әлеуметтік маңызы қатаң бақыланатын ауруларға ұшыраған аурудың диагнозын қою, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуде созылмалы аурулары бар науқастарға кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қымбат тұратын қызметтері (жүкті әйелдерді молекулярлық-генетикалық зерттеу, тұқым қуалаушылық және жетім балалар ауруларының диагностикасы) енеді.  

18 қаңтар 2019 ж. 969 0