Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАБАҚ ТАРТА БІЛЕСІЗ БЕ?

ТАБАҚ ТАРТА БІЛЕСІЗ БЕ?


Наурыз мерекесінде ресми белгіленген үш күн демалысында көптеген қандастарымыз ағайын туыстарын аралап, жүз көрісіп, жағдайын сұрасады. Қарға тамырлы қазақтың алыс-жақын шетелдерде де туыстары жеткілікті. Наурыз кезінде оларға да қазы- қарта жеткізіп, домбыра әуенімен шалқып отыратын кезде, аз отырып, көп сынайтын қонақтың көңіліне келетін бір нәрсе - табақтың дұрыс тартылмауы.Жасыратыны, жоқ қалалы жерлерде тұратын туыстарымыз малды мүшелеп соймақ түгілі, базардан болгарлық арамен тілшелеп тастаған етті қанағат ететіндері бар. Салт дәстүрді сақтап, білгісі келетіндерге қонақтарға табақ тартудың қыр-сырын баяндалық.

Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақ - бас табақ, орта табақ, сый табақ деп бөлінеді. Табақ жасаушы кісі қамыры салынған дайын табаққа қадірлі қонаққа арнап бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе, әсіпті бөліп-бөліп адам санына қарай жасап береді.
Басты жасы үлкен адам немесе қадірлі қонақ ұстайды. Бас ұстаған өзі бір тілімін кесіп алып қалғандарына ауыз тигізеді. Әр қонақтың өзіндік сыйы мүше ұстау рәсімдері бар.
 Мұнан басқа құда табақ, құдағи табақ, жеңге табақ, беташар табақ, қыз табақ, аяқ табақ түрлері бар.
Құда табаққа – жылқы, сиыр, қой еттері кіреді. Мүшелі еттерден тоқпан жілік, жамбас, мырза омыртқа салынады. Құдаларға құйрық-бауырды жеке дайындайды. Бауыр мен құйрықты тілшелеп кесіп, пияз, қаймақ, айран араластырып жасайды.
Құдағи табаққа –жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік, жылқы, сиыр, қой еттерін салады. Қазақ халқы малдың жағын құдағидың сыбағасына жатқызады.
Жеңге табаққа – асықты жілікті, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, қазы-қарта, құйрық, өкпе, ұлтабар салынады. Ұлтабар келіндердің сыбағасы саналады.
Қыз табаққа- тоқпан жілік, омыртқа, сүбе, қабырға, қазы, құйрық салынады.
Аяқ табақты еттің басқа мүшелерінен жасап, бұл табақты  ауыл адамдары мен көмекшілерге тартады. Сондай-ақ, бала табаққа –бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік, жылқы, сиыр, ұой еттері салынады.
Қазіргі кезде ірі қалалардағы гипермаркеттерде  осы табақ түрлерін арнайы әзірлеп, оны сол күйі қазанға салатындай етіп мүшесімен жасап беруге кә сіпкерлердің мүмкіндігі бар. Мұндай супермаркет әзірге тек Қостанай қаласында ғана бар. Онда –бас табақ, құда табақ, сый табақ жасалған. Сонымен қатар қымыз, қымыран, түрлі дәстүрлі тағамдарды бір жерден таба аласыз. Бұл бастаманы облыс жұртшылығының тілегімен жүзеге асырған Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының төрағасы Серікбай Бисетаев болатын. Мұны әрбір аудан орталығында жасауға болатын іс.

Іскендір ЕРТАЙ
25 наурыз 2019 ж. 1 482 0