№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Наурызнама: Наурыз күні өтетін үлкен ойын-сауық

Наурызнама: Наурыз күні өтетін үлкен ойын-сауық

Наурызнама - наурыз күні өтетін үлкен ойын-сауық. Онда ауыл ақсақалдары ұрпақтарының есінде мәңгі жатталып қалатын аталы сөзін айтып, ақ батасын береді.

Молда-қожалар (оқымыстылар) "салдама" оқып, "наурызнаманың" шымылдығын ашып береді. Онан соң, көкбар, қыз қуар, аударыспақ, балуан, алтыбақан, балтамтап, тең көтеру, айтыс, жұмбақ шешу, теңге ату сияқты ойын-сауық ресми басталып, жиналған жұрт мол қуанышқа бөленеді.
Ұлы сәске мезгілінде адамдар ауыл сыртына нар қазан алып шығып, астына от жағады. Атпал азаматтар қазан басына өкіртіп әкеліп өгіз сояды. Талтүсте тойшыл қауым биік төбенің басына жайылған дарқан дастархан басына жиналады. Бұл дастархан "береке дастарханы" делінеді. Онда қарияларға "бел көтерер" деп, өгіздің қос шекесі салынған сый табақ тартып, қалған жұрт жасы, жолдарына қарай сыбағалы тамақтарын жеп, көже ішеді.
Күн еңкейгенде екі ақын ортаға шығып, жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының күресін бейнелейтін "өлі мен тірінің" айтысын бастайды. Сол кезде ортаға аңыз кейіпкерлер - қалтырауық кемпір мен оның Ақпан, Тоқпан атты екі ұлы, олармен шайқасатын Ақборан, Әз мырза және Ұт бикештер шығады. Айтыста, күн ұясына кіре бере өлі жеңіледі, зұлымдық иелері - қалтырауық кемпір мен Ақпан, Тоқпан, Әз мырзалар тым-тырақай қаша жөнеледі. Қараңғы түскенде екі жерге от жағылып, жастар жағы таң атқанша  ойын-сауық құрады.
18 наурыз 2019 ж. 1 156 0