Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Табақ тарту

Табақ тарту

Қазақ ғұрпында табақ тартқанда оның ерекше құрмет дәрежесін білдіретін бірнеше аттары бар. Ондай табақтарды жасау халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын көрсетеді.
Бас табақ, орта табақ,сый табақ ,аяқ табақ деген негізгі төрт түрлі табақтан басқа,күйеу табақ,құдағи табағы,қыздардың табағы деген табақтар және бар. Олар өзінің атына,маңызына қарай еттің әртүрлі мүшесінен жасалады.
Бас табаққа бас,жамбас салынуы шарт. Орта табаққа асықты жілік,кейде жамбас та түседі. Сый табаққа да бас ,жамбас салынады. Аяқ табақ қонаққа емес,ауыл адамдары үшін еттің басқа мүшелерінен жасалады.
Күйеу табаққа-бір сан жілік пен төс,келін табаққа да төс және ұлтабар,жүрек салынады. Қыздардың табағында -  жүрек,бүйрек,жақ пен тіл,ал құдағилар табағында Жамбас немесе асықты жілік пен сүбе болады.
Басты қонақтардың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша табақ басында отырған адамдардың басқа бір беделдісі ұстайды. Бас ұстаған адам әуелі өзі бастап ауыз тиеді де,содан кейін табақтастарына үлестіреді. Осыдан соң бастың жарым-жарты құйқасы қалдырылып,орта табақтағы жасы үлкен адамға ұсынылады.
12 қазан 2018 ж. 2 555 0