Тоқаев: Астана қаласы Нұрсұлтан деп аталуы тиіс

«Біздің елордамыз тұңғыш президенттің атымен "Нұрсұлтан" деп аталуы тиіс», - дейді Тоқаев.
Өз сөзінде ол мұндай ұсыныс ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында парлармент өкілдері тарапынан түскенін атап өтті.
Сонымен қатар Тоқаев барлық облыс орталықтарындағы орталық көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.
«Еліміздің тұңғыш президенті барлық жоғары атақтар мен лауазымдарға лайық. "Халық Қаһарманы" мен "Еңбек ері" атақтарын беруді ұсынамын. Нұрсұлтан Назарбаев - еліміздің тұңғыш әрі жалғыз елбасы болып қала бермек, ол - халықтың әкесі», - дейді президент.
Айта кетсек, бүгін, 20 наурызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті атанды. Ол халықтың алдында ант қабылдады.