№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПАРТИЯНЫҢ БАҒДАРЫ – АНЫҚ, МАҚСАТЫ – АЙҚЫН

ПАРТИЯНЫҢ БАҒДАРЫ – АНЫҚ, МАҚСАТЫ – АЙҚЫН


«Nur Otan» партиясы XVIII съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көтерген бастамаларын мазмұндық тұрғыда жалғастырды және соңғы кезде көтерілген өзекті мәселелерге толық жауап берді.

Съезде партия алдындағы міндет-мұратты жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді жоспарын бағдарлап, даму жолын айқындады. Алқалы жиында қаралған ең елеулі мәселенің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек, сондай-ақ мүмкіндігі шек­теулі азаматтарды қолдау болды. Бұл жай ғана сөз емес, нақты бағыт-бағдар, тиісті қаражат бөлінді.
Енді Сыр өңірінен делегация мүшесі ретінде қатысқандықтан съездің мән-маңызына тоқтала кетсем.
20 жылдық белесті бағындырған биліктің партиясы алдағы жоспар-мұратын жүйелі жүргізу мақсатында Саяси Кеңесі мен Бюросының құрамы жаңартылып, партия жарғысына кейбір нормаларды енгізу арқылы, ең алдымен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты партияның мемлекеттік тілдегі атауында латын әріптері қолданылатыны белгілі болды.
Съезде мәлім болғанындай, қазақстан­дықтарды толғандыратын мәселелерге жан-жақты сараптама жүргізді. Атап айтқанда, балалар жәрдемақысын көтеру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және т.б. Партия маңызды әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда шешулі рөл атқарады.
Біріншіден, табысты арттыру және халық­тың аз қамтылған бөліктерін қолдау. Яғни, қазақстандық отбасылардың әл-ауқат деңгейін көтеру шараларын күшейту маңызды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 млн-нан астам азаматтық қызметшілерді тікелей қамтиды, деп атап көрсеткен Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 шілдеден бюджеттік саланың төмен жалақы алатын жұмыскерлерінің еңбекақысын 30 пайызға дейін арттыруды; аудандық, облыстық деңгейлерде тікелей азаматтармен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің еңбек­ақысын орташа 25 пайызға көтеруді тапсырды. Бұл мақсаттарға 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.
– Көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керек. Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек, – деді Президент.
Екіншіден, табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға ден қойылмақ.
– Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды да белсендіру керек. Үкіметке негізінен көп балалылар қатарындағы аз қамтылған отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу жеті жылда қосымша 50 миллиард теңге жыл сайын бөлу қажет. Сонымен қатар табысы төмен көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар үшін баспана алудың қолжетімділігін арттырған жөн. Азаматтардың осы санаттары үшін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй қарыздарын ұсынудың жеңілдікті тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Тұрғын үй жинақ банкіне осы мақсатқа жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінетін болады, – деді Елбасы.
Үшіншіден, деді Елбасы, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік саясатты жүзеге асыра бастау қажет. Бізде өңірлердің дамуында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Неліктен бір облыстарда жолдар жақсы, ал басқаларында жаман? Неліктен бір жерлерде ТКШ тұрақты жұмыс істейді, екіншілерінде дәл ондай емес? Шын мәнінде жұмыс істейтін, адамдардың проблемаларын білетін және шешетін әкімдер бар. Халықпен кездесулерден ат-тонын ала қашатын және өңір халқының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына жүрдім-бардым қарайтындары да кездеседі. Әкімдерге халыққа жақын болып, оның игілігі үшін бәрін істеуге ұмтылу керек.
Бәрінен бұрын, мемлекеттің ендігі ұстанып отырғаны – болашағы бар ауылдарды ірілендіру. Сонда жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік-тұрмыстық нысандар салу жоспарланып отыр.
Елбасы көптің көкейінде жүрген өзекті мәселені дөп басып, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2019-2021 жылы 90 млрд. теңге бөлініп 7,5 млн. ауыл тұрғынының жағдайын жақсарту жайын айтты.
Сындарлы саясатты сапалы жүзеге асыруда «әкім тұрғындармен жылына бір рет емес, бірнеше рет кездесуі керек. Мұғалімдермен, дәрігерлермен кездесу керек. Жылына бір рет шығу деген болмау керек. Жиі кездесу керек», деп тапсырма берді. Сонда ғана халық болашақта емес, қазір бақытты болғанын көруге болады.
Тұңғыш Президент нұротандықтардың алдына осындай талап-міндеттер жүктеді. Енді бағыты анық, бағдары айқын жоспарларды белсенді жүзеге асыруда білек сыбана кірісуіміз тиіс...

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

03 наурыз 2019 ж. 804 0