№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА МЕЖЕСІ

ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА МЕЖЕСІ


Жақында бастауыш ұйымдардың жиналыстарын өткізуге байланысты кесте жасалып, күн тәртібі белгіленіп, әрбір елді мекенге аудандық «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшелері белгіленген бағыт бойынша іске кірісіп кеттік. Жиналыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы».  Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі. Екінші, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасының негізгі ережелерін талқылау. Үшінші, «Нұр Отан» партиясының Жаңақорған аудандық филиалының конференсиясына делегаттар сайлау.

Осы орайда, күн тәртібін екінші мәселесі бойынша жобаны талқылау үшін аудандық «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес мүшесі Серік Мұсабай ауылдық округтерге арнайы барып, қысқаша баяндама жасап, жиынға қатысушы партия мүшелері, жастар, ардагерлер, қоғамдық ұйым мүшелері жобаның өте маңызды екенін, халықтың әл-ауқатын, тұрмысын, жақсартуға бейімделгенін айтып бірауыздан қолдайтындығын білдірді.
Ендігі кезекте «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында қандай маңызды мәселелер қамтылғанын айта кетсек. Олар: партия бүкіл елді жан-жақты жаңғыртуда халықтың көпшілігінің мүдделерін қолдап, қорғайтын Саяси күш және оны жүзеге асыруға қабілетті. Бағдарлама Елбасының «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың елімізді жан-жақты жаңғыртуға арналған бағытын жалғастыруды және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ басты мақсат – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейлі сапасын арттыру үшін елді жүйелі, жоспарлы түрде жаңғырту. Мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету ғана емес, барлық қазақстандықтардың лайықты жақсы өмір сүруіне жағдай жасау.
Алдағы уақытта Партия мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау тиімділігін арттыра отырып, мына бағытта жұмыс істейміз;  Әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмыс тиімділігін арттыру. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдауинфрақұрылымын жаңғырту. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзивті білім беру мүмкіндігін жақсарту.
         Үшіншіден, Партия зейнеткерлер мен әлеуметтік осал тұлғаларға қолдау көрсетуді күшейтетін болады. Ол үшін мына бағытта жұмыс көрсетуді күшейтетін болады. Базалық зейнетақыларды және жердемақылардың мөлшерін ұлғайту, белсенді өмір сүру үшін жағдай жасау.
         Төртіншіден, Партия жұмыспен қамту саласында мына бағытта жұмыс істейміз: Барлық санаттағы жұмыспен қамтылғандардың табысын арттыруға қол жеткізу. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
         Бесіншіден, «Нұр Отан» партиясы әр алуан қолжетімді болашақтың білімімен қамтамасыз ету. Әлемдік үрдістерді ескере отырып, қазақстандық білім беру сапасын үздік халықаралық стандарттарға дейін арттыру бойынша жұмыс істейтін болады.
         Осы мақсатқа біз «білім-оқыту» парадигмаларынан білім – тұлғаның қалыптасуына, білім берудің жаңа моделін енгізуге қол жеткіземіз. Ол үшін мына бағытта жұмыс істейміз. 12 жылдық білім беруге көшуді аяқтау, техникалық және кәсібі білім беруді дамыту, іргелі ғылымды дамыту үшін жағдай жасау. Педагогтарға ақы төлеу деңгейін арттыруға қол жеткізу. Қазақстанның әр мектебінде ІТ – сыныптарды ашуға қол жеткізу. Білім беру гранттарын, кредиттерін беру жүйесін жетілдіре отырып, жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру.
         Алтыншыдан, Партия отандық медицинаға үздік мамандарды тарту. Дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру. Ол үшән бәз мына бағытта жұмыс істейміз:
– Мемлекеттік мекемелер мен қатар жеке меншік медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін арттыруға қол жеткізу, инвестиция тарту және ауруханаларды сенімді басқаруға беру қажет.
– Денсаулық сақтауда жеке сектордың қатысуымен кеңейту, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігінің міндетті сақтандыру жүйесін енгізу. Тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы медицинасын қолжетімділікті мен сапасын арттыру. Вакцинация бағдарламасын кеңейтуді арттыру, ынталандыру. Дәрі-дәрмек бағасының төмендеуіне жұмыс жасау. Психологиялық көмек көрсетуді кеңейтуге ықпал ету.
         Тоғызыншы мақсат: Жастарды қолдау – үлкен мүмкіндіктер бұнан жастар әр мемлекеттің болашағы. Жас қазақстандықтардың әлемнің жетекші елдер деңгейінде білім алуына жағдай жасау. Жастарды жұмысқа орналастыру, жастардың бизнес-бастамаларын дамытуы жүзеге асыруғы қол жеткізу. Жұмысқа тұрмаған жастардың мәселелерін шешу үшін жағдай жасау.
          Осы тұста, айта кететін қуантарлық жағдай жақында аудан әкімдігінде аудан әкімі Ғ.Әміреев аудан жастары мен ауыл әкімдерін, қоғамдық ұйым өкілдерін арнайы жинап, жастар жылына байланысты, жастарды кәсіпкерлікке тартып, оларға мемлекеттік бағдарлама аясында 500 мың теңге қайтарымсыз грант берілетінін арнайы түсіндірді. Жұмысты қалай бастау керектігін айтты. Бағыт-бағдар берді. Жастар аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді.
         Түйіңндей айтқанда, жоғарыдағы ауылдық оркугтердердегі күн тәртібіне байланысты Қожамберді, Төменарық, Сүттіқұдық ауылдарында бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтіп, партия мүшелері жастар, қоғамдық ұйым басшылары, ардагерлер қатысып, өз пікірлері мен ойларын айтып 2030 бағдарламасының жобасын талқылап, белсенділік көрсетіп бір ауыздан мақұлдады. Төменарық ауылында Ж.Көлжанов, Сүттіқұдық ауылында Т.Әбдіқадыр бастауыш партия ұйымының төрағалары болып сайланды.
         Елбасы өз сөзінде «біз таяу онжылдықта біздің халқымыз бұдан да мықты және өркендеген мемлекет құра аламыз, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдіміз» деген болатын. Біздер партия мүшелері «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған міндеттерін орнату жолында бар күш-қайратымыз бен білімімізді жұмсай отырып, оларды іске асыруға жұмыс жасайтын боламыз.
Жаңақорған аудандық «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңес мүшесі, ауданның «Құрметті азаматы» Серік Мұсабай
06 ақпан 2019 ж. 842 0