№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 19 жастағы қызды алып қашып, полицияның көзінше өлтірген жігітке үкім шықты

19 жастағы қызды алып қашып, полицияның көзінше өлтірген жігітке үкім шықты


Қырғызстанның Бішкек қаласындағы мемлекеттік сот Бурулай Турдаалықызының өліміне қатысты шыққан үкімді күшінде қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.

Қызды полицияның көзінше өлтірген айыпталушы Марс Бодошев 20 жылға темір торға тоғытылды.
Қылмыскермен бірге Бурулайды алып қашқан серігі Акмат Сеитов жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұдан бөлек, сот Бодошевтің үстінен қыздың жақындарына 800 мың сом метариалдық және моральдық шығын төлеу туралы үкім шығарды.
Еске сала кетсек, өткен жылдың 27 мамырында Қырғызстанның Шу облысында ішкі істер бөлімшесінде 20 жастағы Бурулай Турдаалықызын алып қашқан жігіті пышақтап өлтірген.
Бұл оқиғаға Біріккен Ұлттар Ұйымы да назар аударды.
Бішкек соты айыпталушы Марс Бодошевтің кінәсі толығымен дәлелденгенін растады. Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
01 наурыз 2019 ж. 2 878 0