№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДЕНИСТІҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮШІНШІ КҮДІКТІ

ДЕНИСТІҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮШІНШІ КҮДІКТІ



Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам - Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.  

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. «Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялауға өтініш түсті.  Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы мен 188-бабының 2-бөлімімен 2 айға қамауға алынды», - деді қалалық соттан. 

Айта кету керек, ҚР ҚК 434-бабы бойынша, болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағаны үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, бойжеткен күдікті ҚР ҚК 188-бабы ұрлық жасағаны үшін айыпталуда. Егер оның аталған бап бойынша кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 1000 АЕК, яғни 2 млн 405 мың айыппұл төлеп немесе 3 жылға дейін сотталады.
29 шілде 2018 ж. 1 044 0