№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АТҚАРУШЫ БИЛІК ХАЛЫҚПЕН ЖИІ КЕЗДЕСУІ ТИІС

АТҚАРУШЫ БИЛІК ХАЛЫҚПЕН ЖИІ КЕЗДЕСУІ ТИІС

«Нұр Отан» партиясының XVIII Съезінде ұзақ жылдық Бағдарламасын талқылауға арналған жиында атқарушы билікке нақты талаптар қойды. Яғни, халықпен бірге болып, олардың әлеуметтік жағдайын арттыруға күш-жігерін жұмсауды тапсырды.


– Әкім тұрғындармен жылына бір рет емес, бірнеше рет кездесуі керек. Мұғалімдермен, дәрігерлермен кездесу керек. Жылына бір рет шығу деген болмау керек. Жиі кездесу қажет, – деді Президент.
«Бүгінгі съезд еліміздегі жаңа бастамаларға жол ашады деп ойлаймын. Дегенмен, келешекке мақсат қоймас бұрын бүгінгі жағдайды да ұмытпауымыз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтарымыздың хал-ахуалын жақсарту. Мемлекетіміз құрылған кезден бастап қандай жаһандық проблема, дағдарыс болмасын, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы бірінші кезекте болды. Биыл әлеуметтік жәрдемақыға мемлекет бюджетінің 40 пайызы жұмсалады» деді Елбасы. 

Зағипа АБЖАЛЕЛОВА,
Жаңақорған ауданы мәслихатының депутаты.
27 ақпан 2019 ж. 1 036 0