ҮЙМЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛЫН ҰСЫНДЫ
Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Солардың бірі – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға арналған 40 000 аса жалдамалы тұрғын үй салу.
Ол үшін жыл сайын қосымша 50 млрд теңге бөлінетін болды.
Осы ретте «Үкіметке көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға ТҚЖБ арқылы 3-4 пайызбен тұрғын үй несиесін беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
«Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің 45 пайызы жұмсалмақ. Бірақ әлеуметтік блокта бірқатар мәселелер бар. Сондықтан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым» деді Н.Назарбаев.
Айта кететіні, аудан басшысы Ғалым Әміреев 12-13 ақпанда өткен ашық есік күндері көп балалы аналарға МАИ аумағында арендалық тұрғын үйлер салынатынын айтқан еді. Бұған күмәнмен қараған тұрғындар да болды. Енді Президент арендалық тұрғын үйлерді салуды нақты тапсырды. Енді жаңақорғандық көп балалы отбасылардың баспаналы болатынына сенім арта түсті.
Серік МҰСАБАЙ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.